Қаржы алаяқтары балалар арқылы олардың ата-аналарының ақшасына қол жеткізуге тырысады. Олар балалардың аңқаулығын пайланып, әртүрлі оқиғалар ойлап тауып, түрлі айлаларын іске асыруға талпынады.
Алаяқтар қандай онлайн-қақпандар құрады?
Бұл ретте ақшаны немесе жолдаманы алу үшін бала өз келісімін беріп, сілтеме бойынша өтіп, тіркелуі керек. Сауалнамада жеке деректерді, оның ішінде кез келген қолда бар төлем картасының нөмірін, оның қолданыс мерзімін және артқы жағындағы үш таңбалы кодты көрсету талап етіледі.
Егер балалар қаскүнемдерге осы дербес және төлем деректерін берсе, алаяқтар ата-анасының ақшасына қол жеткізе алады.
Бала күмәнді бағдарламалық жасақтаманы жүктесе, бұл жеке ақпаратты үшінші тұлғаларға бере алатын, балаңыздың жүрген жерін қадағалайтын және телефондағы басқа қосымшаларды басқара алатын шпиондық бағдарлама екенін бірден түсінбеуі де мүмкін.
Ата-аналар балаларын алаяқтардан қалай қорғай алады?
Балаңызға бейтаныс адамдарға өздері және жақындары туралы ақпаратты беруге болмайтынын айтыңыз. Алаяқтар заманауи технологиялардың көмегімен кез-келген адамды алдай алатынын түсіндіріңіз;
Балаларыңыз қандай жағдай болмасын барлығын ашық айтуға болатыны және сіздің оған ұрыспайтыныңыз туралы білуі маңызды. Балаңызбен қарым-қатынасыңыз өзара сенімге негізделуі керек.
Өзге де пайдалы ақпараттармен Fingramota.kz сайтынан таныса аласыздар.
Сыртқы коммуникациялар Басқармасы