Сіздің атыңызға кредит ресімделгенін қалай білуге болады?
Ол үшін кредиттік тарихыңызды жиі тексеріп тұру қажет. Есепті Мемлекеттік кредиттік бюродан, Бірінші кредиттік бюродан, ХҚКО-дан немесе egov.kz порталы арқылы алуға болады.
Кредиттік тарихыңызды тоқсан сайын кемінде бір рет тексеріп тұрған жөн.
Алаяқтар кредит ресімдеген жағдайда не істеу керек?
Маңызды: Құқық қорғау органдары өтінішіңізді тіркеуі керек. Сонымен қатар сізде қалатын өтініштің көшірмесінде құжаттың қабылданған күні көрсетілген тіркеу нөмірі болуы шарт.
Кредиттік ұйым құжаттарды бермесе не істеу керек?
Мұндайда ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне шағыммен жүгіну керек.
Егер кредиттік ұйым ақшаны сіздің жеке куәлігіңіз бойынша алаяқтар алғанын дәлелдей алмаса, орналасқан жері бойынша сотқа мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап арызбен жүгіну қажет.
Егер сот сіздің пайдаңызға шешім шығарса, онда кредиттік ұйым:
Маңызды: қарыз берген ұйым кредиттік бюроға сіздің несие тарихыңыздан басқа біреудің қарызы бойынша ақпаратты алып тастау туралы хат жіберуге міндетті.
Өзге де пайдалы материалдармен Fingramota.kz сайтынан таныса аласыздар.
Сыртқы коммуникациялар Басқармасы