Қазақстанның қаржы нарығында жаңа инвестор пайда болады

Қазақстанның қаржы нарығында жаңа инвестор пайда болады

Abu Dhabi Commercial Bank PJSC (бұдан әрі – АDCB) ірі банк тобы «Al Hilal» Ислам Банкі» акционерлік қоғамының банк холдингі мәртебесін иеленуге келісімді және еншілес ұйымды иеленуге (банктің жәй акцияларының 100% иелену жолымен) рұқсатты алды.

ADCB БАӘ-нің банк секторында активтер бойынша 3 орында (56-ның ішінде) орналасқан және жоғары кредиттік рейтингі бар (S&P-тан «A» және Fitch-тен «A+»).

Соңғы қадағалаушы акционері БАӘ-нің Үкіметі болып табылады (60,2% акцияларын Mubadala Investment Company PJSC иеленеді, оның жалғыз акционері болып Абу-Даби (БАӘ) Үкіметі табылады).

2024 жылдың 1 қаңтарына ADCB активтері $155,2 млрд, несие қоржыны $85,6 млрд, меншікті капиталы $19,5 млрд құрайды.

ADCB 2005 жылғы 14 желтоқсандағы БАӘ-нің Орталық Банкі берген лицензиясы негізінде банктік қызметті атқарады.

ADCB-ден келіп түскен өтініштер мен құжаттар топтамасы негізінде Агенттік келесі Басқарма қаулыларымен ADCB-ге:

  • 2024 жылғы 19 шілдедегі № 37 қаулысымен «Al Hilal» Ислам Банкі» акционерлік қоғамының банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім берді;
  • 2024 жылғы 19 шілдедегі № 38 қаулысымен еншілес ұйым – «Al Hilal» Ислам Банкі» акционерлік қоғамын иеленуге рұқсат берді.