«Altyn Bank» АҚ (China Citic Bank Corporation Limited ЕБ) кейбір мәселелері туралы

«Altyn Bank» АҚ (China Citic Bank Corporation Limited ЕБ) кейбір мәселелері туралы

«Altyn Bank» АҚ (China Citic Bank Corporation Limited ЕБ) кейбір мәселелері туралы

 

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттік Басқармасымен 2024 жылғы 7 маусымдағы қаулылар қабылданды:

1)   №23 «Тимур Аскарович Кулибаевқа «Altyn Bank» акционерлік қоғамының (China Citic Bank Corporation Limited ЕБ) ірі  қатысушысы мәртебесін (жанама) иеленуге келісім беру туралы»;

2)  №24 «Динара Нурсултановна Кулибаеваға «Altyn Bank» акционерлік қоғамының (China Citic Bank Corporation Limited ЕБ) ірі  қатысушысы мәртебесін (жанама) иеленуге келісім беру туралы»;

3)  №25 «АЛМЭКС» Холдингтік тобы» акционерлік қоғамына «Altyn Bank» (China Citic Bank Corporation Limited ЕБ) акционерлік қоғамының банк холдингі (жанама) мәртебесін иеленуіне келісім беру туралы».

Агенттіктің қаулысы заңнаманың өзгеруіне байланысты қабылданды. Осыған дейін, егер қатысушы екінші деңгейдегі банкті басқа қаржы ұйымы арқылы иеленсе, екінші деңгейдегі банктің жанама ірі қатысушысы мәртебесін алу қажеттілігі болмаған.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ 2014 жылдан бастап «Altyn Bank» АҚ-тың ірі акционері болып табылады (40%), тиісінше Кулибаев Тимур Аскарович және Кулибаева Динара Нурсултановна «Altyn Bank» АҚ-тың 27,8% акцияларын иеленуші болып табылады. Заңнамаға қаржылық реттеушінің келісімінсіз банкті жанама иелену мүмкіндігіне тыйым салатын өзгерістер енгізілгендіктен, бұл тұлғалар жанама ірі қатысушы ретінде қажетті мәртебеге ие болды.

Altyn Bank» АҚ акцияларының 50,1%-ы Қытайдың Citic Bank банкіне тиесілі.