Агенттік Басқармасы қаулысының жобасы туралы

Агенттік Басқармасы қаулысының жобасы туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету саласында банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Басқарма қаулысы жобасының (бұдан әрі – Жоба) әзірленгені туралы хабарлайды.

Жоба «кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеу және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және өтініш берушінің банк холдингі/банктің ірі қатысушысы мәртебесін алу үшін уәкілетті органға оның Қазақстан Республикасының бейрезидент-басшы қызметкерлеріне қатысты мінсіз іскерлік беделін растайтын мәліметтерді ұсынуы бойынша талаптарды жеңілдету, сондай-ақ банк секторында басшы лауазымға орналасу үшін мемлекеттік саяси қызметшілердің венчурлік ұйымдарда жұмыс өтілі бар адамдарды тарту мүмкіндігін кеңейтуі Қазақстан Республикасы Заңының жобасын іске асыру үшін әзірленді.

Қаулы жобасының толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15014381және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.

 

 

Толығырақ ақпаратты +7 (727) 237-13-78 телефоны арқылы алуға болады

e-mail: press@finreg.kz

https://www.gov.kz