
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) 2023 жылы бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға 5 лицензия берді:
Бұдан басқа, Агенттік банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізуге 5 лицензия берді:
2023 жылғы 1 шілдеде «Fincraft» инвестициялық үйі» АҚ-қа брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға және инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензиялардың қолданысы тоқтатылды.
2024 жылғы 1-тоқсанда брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға «Altyn Adam Associates» АҚ-қа 1 лицензия берілді.
Анықтама үшін: Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру үшін лицензиялар берудің талаптары мен тәртібі «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензия беру қағидаларында белгіленеді.
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізуге арналған лицензиялар «Банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Банк операцияларын лицензиялау қағидаларына сәйкес бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қатысушыларға беріледі.
Жоғарыда көрсетілген лицензияларды беру мемлекеттік қызмет болып табылады және www.elicense.kz порталы арқылы электрондық нысанда не қағаз жеткізгіштерде (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізуге лицензиялар алу үшін) заңнамада белгіленген мерзімдерде көрсетіледі.