Қазақстан сақтандыру секторының 2024 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйі туралы

Қазақстан сақтандыру секторының 2024 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйі туралы

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторында 25 сақтандыру ұйымы бар, оның 9-ы – өмірді сақтандыру бойынша.

2023 жылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері 20,7%-ға 2,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2023 жылғы желтоқсанда  2,2%-ға өсті). Активтердің ұлғаюы негізінен сақтандыру қызметі бойынша кірістердің өсуі есебінен болады.

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша активтер құрылымында ең көп үлес бағалы қағаздарға – 70,2% (1,8 трлн теңге), екінші деңгейдегі банктердегі ақшалай қаражат пен салымдарға – 5,5% (138,4 млрд теңге), сақтандыру дебиторлық берешекке – 4,2%  (105 млрд теңге) тиесілі.  

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері  2023 жылы 23,2%-ға 1,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2023 жылғы желтоқсанда 3,1%-ға өсті). Міндеттемелердің ұлғаюы негізінен сақтандыру резервтерінің 23,5%-ға 1,4 трлн теңгеге дейін өсуі есебінен болды. 

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншікті капиталы 2023 жылы 16,6%-ға немесе 128,9 млрд теңгеге 904 млрд теңгеге дейін, негізінен сақтандыру қызметінен алынған пайда есебінен ұлғайды (2023 жылғы желтоқсанда 0,5%-ға өсті).   

2023 жылы сақтандыру нарығы бойынша таза пайда негізінен сақтандыру қызметінен алынған кірістер есебінен 182,9 млрд теңге болды (2023 жылғы желтоқсанда шығын 5,3 млрд теңге болды).

 2023 жылдың басынан бері жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 16 928 мың шартты құрады, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 37,5%-ға артық. Негізгі өсім жазатайым оқиғалардан сақтандыру (151,5%-ға немесе  2 150 мың шарт) және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру (12,0%-ға немесе 738 мың шарт) бойынша шарттарға тиесілі.

2023 жылғы желтоқсанда жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 1 515 мың шартты құрады, бұл  2023 жылғы алдыңғы аймен салыстырғанда 0,7%-ға көп.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары 2023 жылы 1,0 трлн теңгені құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 29,6%-ға көп (2023 жылғы желтоқсанда – 124,2 млрд теңге). Сақтандыру сыйлықақылары өсуінің негізгі драйвері ерікті мүліктік сақтандыру сыныбы болып табылады.

Міндетті сақтандыру бойынша 2023 жылы 193,8 млрд теңге сомаға сақтандыру сыйлықақылары жиналды, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 14,3%-ға көп (2023 жылғы желтоқсанда – 20,5 млрд теңге). Ұлғаю, негізінен, Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы заң шеңберінде жүзеге асырылатын ерікті жеке аннуитеттік сақтандыра отырып, сақтандырудың аталған сыныбын біріктіруді ескере отырып, қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру (29,3%-ға немесе 18,6 млрд теңгеге өсу) бойынша және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру (3,6%-ға немесе 3,4 млрд теңгеге өсу) бойынша орын алды.

Ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2023 жылы 357,1 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 28,5%-ға көп (2023 жылғы желтоқсанда – 43,3 млрд теңге). Өсу негізінен жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылар сомасының ұлғаюына байланысты (66,5%-ға немесе 22,7 млрд теңгеге өсу).

Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары 2023 жылы 449,4 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 38,5%-ға көп (2023 жылғы желтоқсанда – 60,4 млрд теңге). Өсу, негізінен, автомобиль көлігін сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылар сомасының 87,9%-ға  немесе 45,6 млрд теңгеге және мүлікті сақтандырудың 25,3%-ға немесе 41,4 млрд теңгеге ұлғаюымен байланысты.

2023 жылы сақтандыру төлемдері 274,2 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 43,7%-ға көп (2023 жылғы желтоқсанда – 29,9 млрд теңге). Өсу, негізінен, мүлікті сақтандыру және өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерінің ұлғаюымен байланысты.

 2023 жылы барлығы 1 114 мың төлем, 2023 жылғы желтоқсанда – 112,1 мың төлем жүзеге асырылды.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz