"Qazaq Banki" АҚ және "AsiaCredit Bank" АҚ тарату комиссиясы лауазымдарына кандидаттарды іріктеу туралы

"Qazaq Banki" АҚ және "AsiaCredit Bank" АҚ тарату комиссиясы лауазымдарына кандидаттарды іріктеу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Алматы қаласында «Qazaq Banki» АҚ тарату комиссиясының төрағасы мен мүшесі және «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ тарату комиссиясының мүшесі лауазымдарына кандидаттарды іріктеу жөніндегі іс-шараларды жүргізеді.    

Кандидаттардың жоғары экономикалық немесе заңгерлік білімі, немесе бухгалтерлік есеп және аудит саласында жоғары білімі болуға, олар Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдары мен заңды тұлғаларды тарату тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білуге тиіс. 

Кандидаттарға қойылатын талаптар және олар ұсынатын құжаттар тізбесі Агенттік Басқармасының 2020 жылғы 25 мамырдағы № 57 қаулысымен бекітілген Мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссияларын тағайындау және босату қағидаларында және Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне қойылатын талаптарда белгіленген.

Құжаттар қоса берілген өтінішті Агенттікке 2024 жылғы 31 қаңтарға дейін мына мекенжай бойынша ұсыну қажет: Алматы қ., Көктем-3 шағын ауданы, 21.

Басқа да қызықтыратын сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласуға болады: 8 (727) 237-13-58.