Қазақстанда «KBTU RISK MANAGEMENT CASE COMPETITION» тәуекел-менеджмент бойынша кейс-чемпионат өткізіледі

Қазақстанда «KBTU RISK MANAGEMENT CASE COMPETITION» тәуекел-менеджмент бойынша кейс-чемпионат өткізіледі

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстан-Британ техникалық университетімен және Мемлекеттік кредиттік бюромен бірлесіп, Қазақстан қаржы ұйымдарының қолдауымен «KBTU Risk Management Case Competition» тәуекел-менеджмент бойынша кейс-чемпионат өткізілетіні туралы хабарлайды.

Кейс-чемпионатының финалы 2024 жылғы 8-12 сәуірде Қазақстан-Британ техникалық университетінің алаңында өткізіледі.

Чемпионатқа қатысуға Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары шақырылады. Әр ЖОО-дан 2-ден артық емес команда қатыса алады, әрбір командада – 5 адамға дейін.

Тәуекел-менеджмент бойынша кейс-чемпионат қарыз алушының дефолт тәуекелін модельдеу бойынша талдамалық сервисті әзірлеу және оны таныстыру форматында өтеді.

Командалардың алдына кейсті орындау бойынша: берілген деректер негізінде машиналық оқыту алгоритмдерін пайдалана отырып, жеке тұлғалардың кредит қабілеттілігін бағалау моделін әзірлеу; деректерді енгізуге және болжамдарды алуға мүмкіндік беретін модельді пайдалану үшін интерфейсті әзірлеу; модельді әзірлеу тәсілдерін дәлелдеу: модельдің кредиттік ұпайлары мен болжамдарына, модельдің дәлдігі мен тұрақтылығына қандай факторлар әсер етеді деген сияқты бірқатар міндеттер қойылады.

Іс-шара қатысушыларға өзекті бизнес-міндетті шешуде практикалық тәжірибе алуға, еліміздің үздік тәуекел-менеджерлерімен кеңесуге, идеяларды көпшіліктің қолдана алуына мүмкіндік береді, сондай-ақ олардың кәсіби қызмет желісін кеңейтеді және жаңа мансаптық мүмкіндіктер ашуға көмектеседі.

https://riskcase.kbtu.kz/ сайтында қосымша ақпарат алуға және  2024 жылғы 14 қаңтарда сағат 23:59-ға дейін (Алматы қ. уақыты бойынша) тіркелуге болады.

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz