«Европротокол» жеңілдетілген төлемді тестілеу

«Европротокол» жеңілдетілген төлемді тестілеу

26 желтоқсан Алматы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ҚР Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, нақты жағдайлар бойынша «Европротокол» мобильді қосымшаның сақтандыру нарығында алғашқы тестілеуін өткізді.

Тестілеуге сондай-ақ сақтандырылған жол-көлік оқиғасына қатысушылар, сақтандыру ұйымдарының, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ (қосымшаның иесі), «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС (қосымшаны әзірлеуші) өкілдері қатысты.

«Европротокол» қосымшасы полиция шақырмай және сот шешімін күтпей, шағын жол-көлік оқиғаларын оңайлатылған нысанда ресімдеуге мүмкіндік береді. Қосымша 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылады.

«Европротокол» қосымшасын App Store және Google Play дүкендерінен келесі мекен-жайлар арқылы жүктеуге болады:

https://apps.apple.com/kz/app/europrotocol-app/id6470774500  

https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.ipgf.europrotocol.android

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz