Агенттік 2023 жылғы 3-тоқсандағы «Тәуекел жағдайындағы өсу» себін жариялады

Агенттік 2023 жылғы 3-тоқсандағы «Тәуекел жағдайындағы өсу» себін жариялады

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) 2023 жылғы 3 тоқсандағы «Тәуекел жағдайындағы өсу» есебін (бұдан әрі-Есеп) дайындады. Есепте әлемдегі және Қазақстандағы негізгі экономикалық оқиғалардың сипаттамасы, сондай-ақ қаржылық жағдайлардың жиынтық индексі (FCI) және оның компоненттері (ішкі қаржылық жағдайлардың, борыштық жүктеменің, сыртқы сұраныстың және сыртқы қаржылық жағдайлардың индекстері) бойынша жаңартылған есептеулерге негізделген қорытындылар қамтылады.

 Есепте сыртқы нарықтардағы жаһандық құбылмалылыққа және дамыған елдердегі тұрақты баға қысымына қарамастан, Қазақстан экономикасы мұнай өндірудің, құрылыстың және тұтынушылардың белсенділігінің ұлғаюымен, ЖІӨ-нің жыл жылға есептегендегі өсуі 4,3% деңгейінде көрсетуді жалғастыруда. Алайда, кейбір өнеркәсіп салаларындағы және өсімдік шаруашылығындағы баяулау белсенді өсуді тежейді.

Агенттіктің бағалауы бойынша, FCI жиынтық индексі оң аймақта қалуды жалғастыра отырып, 0,2 пунктке өсті, бұл алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда макро қаржылық жағдайдың нашарлауын білдіреді. Жағдайдың нашарлауы ақша және несие нарықтарындағы ішкі және сыртқы пайыздық мөлшерлемелердің өсуімен байланысты, бұл мұнай бағасының өсуімен және сауда жағдайының жақсаруымен біршама теңестірілді.

GaR бағалауы макроқаржылық жағдайдың нашарлауы қысқа мерзімде ЖІӨ өсуін төмендетуі мүмкін екенін көрсетеді. Дегенмен, экономиканың өсуі оң болып қалады деп күтілуде. GaR моделі бойынша есептелген ҚР Үкіметінің экономиканың өсуінің базалық болжамының үлестіріліміне сәйкес ЖІӨ-нің медианалық өсуі 2024 жылы 3,6% және 2025 жылы 4,1% деңгейінде бағаланады.

Қатаң макроқаржылық жағдайлармен байланысты экономиканың өсуі үшін ағымдағы тәуекелдер тарихи мәндермен салыстырғанда жоғары болып қалуда.

Қаржылық жағдайлар мен макро көрсеткіштер индекстерінің динамикасы, олардың ЖІӨ-нің шартты өсуіне әсерін бағалау, сондай-ақ FCI жаһандық индексі және негізгі қорытындылар туралы толығырақ Есептің толық мәтінінен білуге болады.

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы:
+7 (727) 2371089, press@finreg.kz