Мәдина Әбілқасымова «Amanat» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдауды өткізді

Мәдина Әбілқасымова «Amanat» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдауды өткізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында қойған «халық үніне құлақ асатын мемлекетті» қалыптастыру жөніндегі міндеттер шеңберінде, сондай-ақ ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі  – Агенттік) қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қызметі шеңберінде Агенттік Төрағасы Мәдина Әбілқасымова «Amanat» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды кезекті қабылдауды өткізді.

Қабылдау барысында азаматтардың Тұрғын үй (ипотекалық) қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) қатысуына, сондай-ақ алаяқтардың әрекетінен зардап шеккен азаматтардың қарыздарын реттеуге қатысты мәселелер  қаралды.

Мәдина Әбілқасымова бірде-бір өтініш назардан тыс қалмайтынын, азаматтар айтқан барлық мәселелер заңнама нормаларын сақтай отырып орындалатынын атап өтті.

2022 жылғы 8 айда Агенттікке азаматтардан 40,9 мың өтініш келіп түсті. Азаматтар мен ұйымдардың өтініштерінің негізгі үлесі банк секторына тиесілі  –  54% немесе 22,3 мың өтініш. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мәселелері бойынша –29% немесе 11,3 мың өтініш, сақтандыру нарығы субъектілерінің мәселелері бойынша өтініштер – 2%  немесе 1 мың өтініш, қаржы нарығының өзге субъектілері – 15% немесе 6,3 мың өтініш.

Қаржы ұйымдарына қатысты қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау шеңберінде анықталған бұзушылықтар бойынша 2023 жылдың басынан бастап жалпы сомасы 80,5 млн теңгеге 122 шара және 95 әкімшілік жаза қолданылды.

Агенттік азаматтардың банктік қарыздары мен микрокредиттері бойынша мерзімі өткен берешекті реттеудің бірыңғай тәртібін іске асыру мониторингін тұрақты негізде жүзеге асырады.

2023 жылдың басынан бастап проблемалық берешекті реттеу шеңберінде 830 мың қарыз алушының берешегі қайта құрылымдаудан өтті, оның ішінде банктік қарыздар бойынша 440 мың қарыз алушының,  микрокредиттер бойынша 390 мың қарыз алушының берешегі қайта құрылымдалды.

Халықпен жедел өзара іс-қимыл жасау үшін Агенттікте call-орталық жұмыс істейді. 2023 жылғы 8 айда call-орталыққа азаматтардан шамамен 20,8 мың қоңырау келіп түсті. «Fingramota Online» мобильді қосымшасы арқылы азаматтардан 1 044-тен астам өтініш келіп түсті және өңделді.

2023 жылдың басынан бастап Қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істейді, онда азаматтар ақпараттық-анықтамалық сипаттағы консультациялар ала алады және Агенттіктің қызметіне қатысты мәселелерді жедел шеше алады. Ағымдағы жылғы 8 айда Агенттіктің Қоғамдық қабылдау бөлмесіне 959 азамат жүгінді, оның ішінде банк қызметі мәселелері бойынша – 732 өтініш; микроқаржылық қызмет бойынша – 126 өтініш; коллекторлық агенттіктердің қызметі бойынша – 39 өтініш; банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі бойынша – 12 өтініш, өзге мәселелер бойынша – 50 өтініш.

Сонымен бірге Мәдина Әбілқасымова халықтың әлеуметтік осал топтарын (ХӘОТ) қорғауға қатысты мәселелер Агенттіктің ерекше бақылауында екенін атап өтті. Мәселен, Бағдарламаны іске асырудың барлық кезеңінде 333,9 млрд теңге сомасына 46,2 мың қарыз алушының қарыздары қайта қаржыландырылды. 2023 жылы Бағдарламаға енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 2023 жылғы                         1 қыркүйектегі жағдай бойынша 74,7 млрд теңге сомасына халықтың әлеуметтік осал топтарына (ХӘОТ)  жататын 10,6 мың қарыз алушы қолдау шараларын алды. Ипотекалық қарыз алушыларға көмек көрсету мерзімі 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды.

Мәдина Әбілқасымова қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау Агенттіктің аса маңызды міндеттерінің бірі болып табылатынын, азаматтарды қабылдау жүйелі негізде жүргізілетінін атап өтті.

Агенттік өкілдері өтініш берушілердің әрбір өтінішін қарайды және банк, сақтандыру, микроқаржы салаларындағы, коллекторлық агенттіктер мен кредиттік бюролардың, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызметіндегі заңнама нормаларына егжей-тегжейлі түсіндірмелер береді. Қажет болған жағдайда Қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметкерлері банктердің, микроқаржы ұйымдарының (МҚҰ) немесе қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен кездесулер ұйымдастыра алады.

Қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмыс уақыты – дүйсенбі – жұма аралығы, сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін және сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін.

Сіз сондай-ақ Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылығы Қоғамдық қабылдау бөлмесінде өткізетін азаматтардың жеке қабылдауына жазыла аласыз.

Қосымша консультация алу үшін Агенттікке төмендегідей хабарласуға болады:

  • «1459» нөмірі бойынша Call-орталық (жұмыс кестесі дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін);
  • «𝑭𝒊𝒏𝒈𝒓𝒂𝒎𝒐𝒕𝒂 𝑶𝒏𝒍𝒊𝒏𝒆» мобильді қосымшасы арқылы, оны App Store және Play Market дүкендерінен жүктеуге болады.

 

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Call-орталыққа 1459, +7 (727) 237 1000 нөмірлері бойынша хабарласуға болады (мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін)

Жұмыс кестесі: дүйсенбі жұма сағат 10: 00-ден 17: 00-ге дейін

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz