ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сақтандыруды қадағалау органдары басшыларының мемлекетаралық үйлестіру кеңесінің 19-шы отырысы туралы

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сақтандыруды қадағалау органдары басшыларының мемлекетаралық үйлестіру кеңесінің      19-шы отырысы туралы

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі  – Агенттік) 2023 жылғы 19 қыркүйекте ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сақтандыруды қадағалау органдары басшыларының мемлекетаралық үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі – Кеңес) кезекті отырысы өткенін хабарлайды.

Кеңес өзінің жұмыс істеуі кезеңінде перспективалық бағыттарды, өзекті мәселелер мен міндеттерді талқылауға, сақтандыруды қадағалау органдарының басшыларымен тәжірибе алмасуға арналған дәстүрлі алаңға айналды.

Кеңеске Агенттіктің, Армения Республикасының Орталық банкінің, Беларусь Республикасының Қаржы министрлігінің, Қырғыз Республикасының Экономика және коммерция министрлігі жанындағы Қаржы нарығын реттеу мен қадағалау қызметінің, Ресей Федерациясының Орталық Банкінің, Өзбекстан Республикасының Экономика және қаржы министрлігінің, ТМД-ның атқарушы комитетінің өкілдері, сондай-ақ сақтандыру қоғамдастықтарының өкілдері қатысты.

Кеңес ТМД-ға қатысушы мемлекеттердегі экономикалық ахуал, Достастық мемлекеттерінің сақтандыру нарығы саласындағы өзара іс-қимылының басым бағыттары, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сақтандыру нарығын дамыту мәселелері мен перспективалары сияқты ағымдағы сәт үшін өзекті тақырыптардың кең ауқымын талқылауға арналды.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz