Қазақстан банк секторының 2023 жылғы 1 тамыздағы жай-күйі туралы

Қазақстан банк секторының 2023 жылғы 1 тамыздағы жай-күйі туралы

2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында 21 екінші деңгейдегі банк бар, оның
11-сі шетелдің қатысуымен, оның ішінде 8-і еншілес банк.

2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша банк секторының активтері ағымдағы жылғы шілдеде негізінен өтімді активтердің 2,7%-ға төмендеуі нәтижесінде 0,04%-ға немесе 20 млрд теңгеге азайып, 46,6 трлн теңгені құрады (2023 жылдың басынан бері 4,5%-ға немесе 2,0 трлн теңгеге өсу).

Өтімділігі жоғары активтер 14,0 трлн теңгені немесе активтердің 30,0%-ын құрады, бұл банктерге клиенттер алдындағы өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

2023 жылғы шілдеде екінші деңгейдегі банктер экономикаға берген кредиттер 1,9%-ға 24,9 трлн теңгеге дейін өсті (2023 жылдың басынан бері 9,0%-ға өсу). Ұлттық валютадағы кредиттер 2,2%-ға 23,2 трлн теңгеге дейін ұлғайды, теңгенің АҚШ долларына қатысты 1,4%-ға нығаюы аясындағы валюталық қайта бағалау нәтижесінде шетел валютасындағы кредиттер 2,2%-ға 1,7 трлн теңгеге дейін төмендеді.

Заңды тұлғаларға берілген кредиттер үлкен көлемде өтеу есебінен ірі бизнес субъектілеріне кредиттердің азаюы нәтижесінде 2023 жылғы шілдеде 1,7%-ға 8,6 трлн теңгеге дейін азайды (2023 жылдың басынан бері 0,4%-ға төмендеу). Дара кәсіпкерлерді қоса алғанда, бизнес субъектілеріне берілген жиынтық кредиттер 2023 жылғы шілдеде 1,1%-ға 9,9 трлн теңгеге дейін азайды (2023 жылдың басынан бері 2,9%-ға өсу). ШОБ субъектілеріне қарыздар 0,02%-ға 6,4 трлн теңгеге дейін азайды (2023 жылдың басынан бері 6,9%-ға өсу), ірі бизнеске берілген қарыздар 3,0%-ға 3,5 трлн теңгеге дейін азайды (2023 жылдың басынан бері 3,7%-ға төмендеу).

2023 жылғы шілдеде бизнес субъектілеріне 1 073 млрд теңге сомаға жаңа қарыздар берілді. Ағымдағы жылғы 7 айда бизнес субъектілеріне 7 908 млрд теңге қарыз берілген, бұл 2022 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 15,7%-ға артық.

Жеке тұлғаларға берілген кредиттер тұтынушылық қарыздардың 5,9%-ға 9,0 трлн теңгеге дейін өсуі есебінен 2023 жылғы шілдеде 3,9%-ға ұлғайып, 16,2 трлн теңгені құрады (2023 жылдың басынан 14,7%-ға өсті).

Кредиттік портфельдің  сапасы тұрақты болып қалуда. 2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша банк секторы бойынша мерзімі өткен берешегі 90 күннен  асқан қарыздар (NPL 90+) деңгейі несие портфелінің 3,4%-ын немесе 889 млрд теңгені (2023 жылғы 1 қаңтарда – 3,4% немесе 815 млрд теңге) құрады.

ШОБ-ты есепке алғанда заңды тұлғалар портфелінде NPL90+ деңгейі 2,9%-ды немесе 321 млрд теңгені, жеке тұлғалар портфелінде 3,8%-ды немесе 568 млрд теңгені құрады. Жұмыс істемейтін қарыздарды провизиялармен өтеу жоғары деңгейде сақталып, 72,9%-ды құрайды (01.01.2023ж. – 76,9%).

Ағымдағы жылғы шілдеде банктердің меншікті капиталы 3,7%-ға 5,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2023 жылдың басынан бері 13,6%-ға өсті). 2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 18,8%-ды, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) – 21,5%-ды құрады, бұл заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір асып түседі және банк секторындағы әлеуетті тәуекелдерді өтеуді қамтамасыз етеді.

2023 жылғы шілдеде банк секторының міндеттемелері РЕПО операциялары көлемінің 22,5%-ға азаюы есебінен 0,6%-ға 40,6 трлн теңгеге дейін азайды (2023 жылдың басынан бері 3,3%-ға немесе 1,3 трлн теңгеге өсті).

Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттері 2023 жылғы шілдеде заңды тұлғалар депозиттерінің 4,3%-ға 14,1 трлн теңгеге дейін төмендеуі нәтижесінде 1,6%-ға 30,7 трлн теңгеге дейін азайды. Жеке тұлғалардың депозиттері бір айда 0,7%-ға 16,6 трлн теңгеге дейін өсті.

Ұлттық валютадағы депозиттер 2023 жылғы шілдеде 0,5%-ға 22,8 трлн теңгеге дейін, шетел валютасындағы депозиттер 4,7%-ға 7,9 трлн теңгеге дейін, соның ішінде теңгенің АҚШ долларына қатысты нығаюы аясында валюталық қайта бағалау есебінен азайды. Нәтижесінде долларлану деңгейі 2023 жылғы 1 тамызда 25,6%-ды құрады (2023 жылдың басында – 31,6%).

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі
2023 жылғы шілдеде 14,6%-ды (2023 жылғы маусымда – 14,6%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 13,9%-ды (2023 жылғы маусымда – 14,0%) құрады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz