Зейнетақы жинақтарын жеке басқарушы компанияларға сенімгерлік басқаруға беруді регламенттейтін қаулы жобасы туралы

Зейнетақы жинақтарын жеке басқарушы компанияларға сенімгерлік басқаруға беруді регламенттейтін қаулы жобасы туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру және зейнетақы активтерін бір инвестициялық портфельді басқарушыдан басқа инвестициялық портфельді басқарушыға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы қаулысының жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірлегенін хабарлайды.

Жоба Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексін іске асыру үшін әзірленді.

Жоба зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру және зейнетақы активтерін бір инвестициялық портфельді басқарушыдан басқа инвестициялық портфельді басқарушыға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беру талаптарын, тәртібі мен мерзімдерін белгілейді.

Сонымен қатар, Жобада салымшыларға міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған салымшының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары сомасының елу пайызына дейін, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналарының есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын жеке басқаруға беру құқығын беру мақсаты болып табылатын бастамалар көзделеді.

Бұдан басқа, Жоба зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сенімгерлік басқаруға 1 жылдан ерте емес қайтаруды жүзеге асыруға мүмкіндік беруге бағытталған бірқатар түзетулерді қамтиды.

Жобаның толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14483696 және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.

 

Толығырақ ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады:

+7 (727) 2 371 213  e-mail: press@finreg.kz