Микрокредиттер бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін есептеу қағидаларына өзгерістер енгізу туралы

Микрокредиттер бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін есептеу қағидаларына өзгерістер енгізу туралы

2023 жылғы 20 ақпанда Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Берілетін микрокредиттер бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 208 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасының №7 қаулысын (бұдан әрі – Қаулы) қабылдады.

Қаулы қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту және тұтынушыларға микрокредиттердің толық құны туралы ақпаратты дұрыс ұсыну үшін әзірленді.

Қаулы шеңберінде микрокредит беру туралы шарттарда, сондай-ақ микрокредиттер бойынша сыйақының шамалары туралы ақпарат бар  жарнаманы орналастыру кезінде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін (бұдан әрі – ЖТСМ) номиналды сыйақы мөлшерлемесімен бірдей ресімдеу (қаріптің көлемі мен стилі) көзделеді.

Қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қаулының толық мәтінімен Агенттіктің https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/documents/details/443131?lang=ru ресми интернет-ресурсында танысуға болады.

 

Агенттіктің сыртқы коммуникациялар басқармасы:

+7 (727) 237-10-89, email: press@finreg.kz