Банктік қарыздар мен салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидаларына өзгерістер енгізу туралы

Банктік қарыздар мен салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидаларына өзгерістер  енгізу туралы

2023 жылғы 20 ақпанда Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Қарыздар мен салымдар бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнын) есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының  2012 жылғы 26 наурыздағы № 137 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасының № 8 қаулысын (бұдан әрі – Қаулы) қабылдады.

Қаулы қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында және тұтынушыларға банктік қарыздар мен салымдар бойынша толық құны туралы ақпаратты дұрыс ұсыну үшін әзірленді.

Қаулы шеңберінде қызмет көрсету туралы шарттарда, сондай-ақ банктік қарыздар мен салымдар бойынша сыйақы шамалары туралы ақпарат бар жарнаманы орналастыру кезінде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін (бұдан әрі – ЖТСМ) номиналды сыйақы мөлшерлемесімен бірдей көрсету (қаріп көлемі мен стилі) көзделеді.

Қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қаулының толық мәтінімен Агенттіктің https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/documents/details/443141?lang=ru ресми интернет-ресурсында танысуға болады.

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы:

+7 (727) 237-10-89, email: press@finreg.kz