Мәдина Әбілқасымова азаматтарды қабылдауды өткізді

Мәдина Әбілқасымова азаматтарды қабылдауды өткізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында қойған «халық үніне құлақ асатын мемлекетті» қалыптастыру жөніндегі міндеттер шеңберінде, сондай-ақ ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі  – Агенттік) қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қызметі шеңберінде Агенттік Төрағасы Мәдина Әбілқасымова азаматтарды кезекті қабылдауды өткізді.

Қабылдау барысында азаматтарға Тұрғын үй (ипотекалық) қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде жәрдем көрсету және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты үйлестіру және талдау жөніндегі Агенттік жанындағы Жұмыс тобының қызметі мәселелері қаралды.

Мәдина Әбілқасымова бірде-бір өтініш назардан тыс қалмайтынын, азаматтар айтқан барлық мәселелер заңнама нормаларын сақтай отырып орындалатынын атап өтті.

2022 жылы Агенттікке азаматтардан 35,3 мыңға жуық өтініш келіп түсті, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,6%-ға төмендеді. Барлық өтініштердің 65%-ы (22,8 мың) банк секторына тиесілі. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мәселелері бойынша өтініштер 20%-ды (7 мың) құрайды, өзге ұйымдарға қаралған өтініштердің жалпы санының 15%-ы (5,5 мың) тиесілі.

Азаматтардың банктік қарыздары мен микрокредиттері бойынша мерзімі өткен берешекті реттеудің бірыңғай тәртібін іске асыру мониторингі тұрақты негізде жүзеге асырылады. 2022 жылы банктерге қарыздарды қайта құрылымдау үшін 357,8 мың қарыз алушы жүгінді,оның ішінде 261,5 мың қарыз алушыға немесе 73,1%-ға жасалған банктік қарыз шарттарының талаптарына өзгерістер мақұлданды. Микроқаржы ұйымдарына 239,1 мың қарыз алушы микрокредит бойынша берешекті қайта құрылымдау туралы өтінішпен жүгінді. Қаралғандардың ішінен 181,3 мың өтініш берушінің өтініші қанағаттандырылды (өтініш бергендер санының 75,8%-ы).

Халықпен жедел өзара іс-қимыл жасау үшін Агенттікте call-орталық жұмыс істейді. 2022 жылы азаматтардан шамамен жеке және заңды тұлғалардан 19 314 қоңырау келіп түсті, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 41%-ға (7 973) көп.

Мәдина Әбілқасымова сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарын (бұдан әрі – ХӘОТ) қорғауға қатысты мәселелер Агенттіктің ерекше бақылауында екенін атап өтті. Мәселен, Бағдарламаны іске асырудың барлық кезеңінде 323,3 млрд теңге сомасына 45,5 мың қарыз алушының қарыздары қайта қаржыландырылды. 2022 жылы Бағдарламаға енгізілген өзгерістерді ескере отырып, бүгінгі күні 66,2 млрд теңге сомасына 10 мың ХӘОТ қарыз алушы қолдау шараларын алды. 2023 жылғы 1 шілдеге дейін қосымша 1 мыңға жуық қарыз алушыны қамту жоспарланып отыр.

Бағдарлама шеңберінде қабылданған шаралардың және жеңілдетілген мемлекеттік ипотекалық кредиттеу бағдарламасын дамытудың арқасында банктердің ипотекалық портфелінде 90 күннен астам мерзімі өткен жеке тұлғалардың проблемалық қарыздарының үлесі 2015 жылғы 30%-дан 2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 0,7%-ға дейін төмендеді.

Агенттік өкілдерінің қатысуымен апта сайын Қарыз алушылардың шағымдарын қарау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) отырыстары өткізіледі. 2022 жылы Комиссияның 59 отырысы өткізілді, оның нәтижелері бойынша Бағдарламаның 1 және 2-бөлімі бойынша қарыздарды қайта қаржыландыру туралы 238 шешім және Бағдарламаның 2-1-бөлімі бойынша қосымша көмек көрсету туралы  336 ұсыным шығарылды.

Қаржы реттеушісінің басшысы қаржылық қызметтерді  тұтынушылардың құқықтарын қорғау Агенттіктің аса маңызды міндеттерінің бірі болып табылатынын, азаматтарды қабылдау жүйелі негізде жүргізілетінін атап өтті.

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Call-орталыққа 1459 немесе +7 (727) 237 1000 нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Жұмыс кестесі дүйсенбі – жұма аралығы, сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін.

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz