«МФО «Эверест Финанс» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі лицензиядан айыру туралы

«МФО «Эверест Финанс» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі лицензиядан айыру туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Қарағанды қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы бастығының 2022 жылғы 23.12. №12 бұйрығына сәйкес «Микроқаржы ұйымы «Эверест Финанс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – МҚҰ) микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырылды.

«Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қызметті Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын, сондай-ақ уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұза отырып жүзеге асыру лицензиядан айыру үшін негіз болды.

МҚҰ қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерін дұрыс көрсетпегені, кредиттік бюроға кредиттік тарих субъектісінен алынған анық емес мәліметтерді ұсынуы, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 293-бабының, №8 Қаулының[1] 10-тармағының және Қазақстан Республикасы «Микроқаржылық қызмет туралы» Заңының 7-бабы 3-тармағының 1-2) тармақшасының талаптарын бұзуына жол берген.

«Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес МҚҰ Агенттік микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өзінің атауынан «микроқаржы ұйымы» деген сөздерді, олардан туындайтын, көрсетілген заңды тұлғаның микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратынын болжайтын сөздерді немесе аббревиатураларды алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті.

Микрокредит беру туралы шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар МҚҰ клиенттері, МҚҰ алдындағы міндеттемелердің орындалуын бұзғаны үшін, микрокредит беру туралы жасалған шарттардың талаптарына сәйкес жауапты болады.

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz

 

[1] ҚР ҰБ Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 8 қаулысы «Жеке тұлғаларға банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар беретін және өтеу кестесінің болуы көзделетін қарыздар мен микрокредиттер бойынша тұрақты төлемдерді есептеу әдістемелерін, сондай-ақ осындай қарыздар (микрокредиттер) бойынша сыйақыны есептеу үшін уақытша базаларды бекіту туралы».