Жақында "ҚазМұнайГаз" IPO табысты өткізілді. Қазақстан халқында компанияның тең иесі болуға, оның акцияларын сатып алуға және одан шамалы ақша табуға мүмкіндік пайда болады.
Алаяқтар да қазақстандықтардың сенімін пайдаланып, пайда табуға тырысады. Әлеуметтік желілерде қайта-қайта жарнама беру арқылы олар IPO аясында ірі қазақстандық компаниялардың акцияларын сатып алу бойынша онлайн-қызметтерді ұсынады, ал ақша алғаннан кейін жоғалып кетеді.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Fingramota.kz жобасымен бірлесіп азаматтарды сақ болуға шақырады және нақты инвестициялық делдалдарды жалған брокерлерден қалай ажыратуға болатыны туралы айтып береді.
IPO деген не?
IPO (Initial Public Offering) – биржада акциялар орналастыру арқылы акционерлік қоғамның акцияларын инвесторлардың шектеусіз тобына алғашқы жария ұсыну. IPO-ның нәтижесінде компания акциялары биржадан тыс айналыста болатын жеке компаниямен салыстырғанда жария компанияға айналады, оның есептілігі – айқын, ал оның шығарған бағалы қағаздары инвесторлардың кең аясы үшін қол жетімді болып келеді.
«Самұрық-Қазына» АҚ-қа кіретін мемлекеттік стратегиялық компаниялардың IPO-сы 2021-1025 жылдарға арналған Жекешелендіру жоспарының аясында өткізіледі. Таяудағы үш жылда «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ мемлекеттік қордың құрылымына кіретін бірнеше компанияның акцияларын IPO-ға шығаруды жоспарлап отыр. Бұл жерде, ерекшелігі, аталған компаниялардың акциялары қатардағы қазақстандықтар үшін қол жетімді болмақ. Алайда, азаматтар бағалы қағаздарды тек Қазақстанның қор нарығында заңды түрде жұмыс істейтін инвестициялық делдалдар арқылы сатып ала алады.
Жалған брокерлер деген кімдер?
Олар алаяқтар – жеке адамдар немесе жосықсыз қызмет белгілері бар компаниялар. Олардың қолында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензиясы жоқ.
Олардың кейбіреулері Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылмайды, тиісінше, қазақстандық қаржы реттеушісі олардың қызметін бақылау және қадағалауды жүргізбейді. Олардың офистері біздің елімізде орналаспаған, сондықтан жалған брокерлерді табу, және де алдап қолға түсірген халықтың ақшасын қайтару құқық қорғау қызметтеріне қиынға түседі. Ісін жаңадан бастаған инвесторлар өз қаржысын басқа елдің лицензиясына ие осындай компанияларға сеніп тапсырады. Бұл жерде, брокердің ұсынған лицензия жалған немесе шынайы болуына байланыссыз, олардың өз қызметтерін Қазақстанда ұсынуға құқығы жоқ екендігін білген маңызды.
Алаяқтар қандай қулыққа барады?
Брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыру қызметін бүркемеленіп, өздерін табысты және болашағы бар компаниялардың қызметкерлері деп таныстыратын жалған брокерлер алдағы «уақытта өтетін IPO шеңберінде» азаматтардан ақша тартады.
Алаяқтардан тіркелмеген нөмірлерден қоңыраулар, электрондық хаттар және бағалы қағаздарға инвестициялауға байланысты жалған құжаттардың сканерлері бар хабарламалар қайта-қайта келуі мүмкін. Қаскүнемдер мүмкіндігінше сенгіш клиенттерді агрессивті жарнамамен тартуға тырысады, азаматтарға тұрақты, жоғары кіріс көзіне кенелуге уәде беріп, адастырады. Олардың нысаналы аудиториясы - инвестициялық ғажайып платформалар арқылы тез және оңай ақша тапқысы келетін адамдар. Сенімді болу үшін алаяқтар ірі компаниялардың логотиптері мен атауларын, мысалы, «Қазақтелеком», «ҚазМұнайГаз», Kaz Minerals және басқаларын пайдаланады.
Осылайша қаскүнемдер жұмысын жаңадан бастаған инвесторлардың білімі мен тәжірибесі жоқ екенін пайдаланады. Ал цифрландыру және қашықтан ақша табу мүмкіндігі дәуірінде олар өздерінің шынайы бетпердесін жасыруға және қолжетімсіз болып қалуға мүмкіндік алды.
Клиент сеніп, «жеке менеджердің» банктік шотына немесе картасына ақша аударғаннан кейін, жалған брокерлер оларға жоғары кіріс көрсететін-мыс есептер мен графиктерді ұсынады. Бірақ мұның бәрі шын мәнінде ойдан алынған, ештеңемен расталмаған сандар. Көбіне олар мұнымен тоқтап қалмай, одан да көп кіріске уәде ете отырып, өз құрбандарынан қосымша қаражат алуды жалғастырады.
Ақшаны алдап алудың әртүрлі әдістері клиент компанияның заңды қызметіне күмән келтіріп, олардың заңдылығын тексере бастағанға дейін немесе өз шотынан «еңбек сіңірілген» ақшаны алуға тырысқанға дейін бірнеше рет қайталанады. Бұл жағдайда алаяқтар қосымша қаржы салуды талап етіп, ақшаны қайтарудан жалтарады, содан кейін клиенттің ақшасымен мүлдем жоқ болып кетеді.
«Инвестициялық» делдалдарды қалай тексеруге болады?
Ақшаңызды бейтаныс адамдарға немесе компанияларға сеніп тапсырмас бұрын, олардың Қазақстанда жұмыс істеу үшін тиісті лицензиясының бар-жоғын тексеру қажет. Осындай лицензиясы бар брокерлік және дилерлік ұйымдардың тізімін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің www.gov.kz сайтынан «Тізілімдер және рұқсаттар» бөлімінде көруге болады.
Агенттіктің интернет-ресурсында көрсетілген инвестициялық делдалдың деректемелері лицензияда көрсетілген деректемелермен сәйкес келуі тиіс екенін ескеру маңызды. Сондай-ақ қаржылық есептілікті, биржалардағы белсенділікті, сондай-ақ басқа клиенттердің пікірлерімен танысу қажет.
Агенттіктің интернет-ресурсында және Fingramota.kz сайтында қызметінде лицензияланбаған қызметтің немесе қаржы пирамидасының белгілері анықталған субъектілердің тізімі орналастырылған. Қазіргі уақытта тізімге қызметі қаржылық лицензиялау және реттеу аясынан тыс орналасқан 159 субъект кіреді. Бұл тізім жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштері, сондай-ақ құқық қорғау органдарының сұрау салулары негізінде қалыптастырылады. Онымен міндетті түрде танысыңыз!
Жалған брокерлерді тануға көмектесетін негізгі белгілер:
Инвесторларды қорғаудың қосымша шаралары
Агенттік қор нарығында инвесторлардың құқықтарын қорғауды күшейту шараларын қабылдайды. Осылайша, 2022 жылғы 12 шілдеде Қазақстанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң және басқа да заңға тәуелді актілер қабылданды. Онда бірқатар маңызды түзетулер көзделген:
Жұмысын жаңа бастаған инвесторлар пайданың әрдайым болжамды тәуекелге сәйкес болатынын естен шығармау керек. Сондықтан жұмысын адал атқаратын брокер шығындар тәуекелі туралы ескертпей тұрып қомақты пайдаға уәде бермейді және қандай да бір ІРО шеңберінде инвестициялардың қайтарылатынына кепілдік бермейді.
Материалдардың дереккөзі: Fingramota.kz
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz