«Каусар Несие» микрофинанстық ұйымы» ЖШС микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрды

«Каусар Несие» микрофинанстық ұйымы» ЖШС микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрды

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Алматы қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы бастығының 27.10.2022 жылғы № 86 бұйрығына сәйкес «Каусар Несие» микрофинанстық ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – МҚҰ) микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиясының қолданысы 1 айлық мерзімге тоқтатыла тұрды.

«Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 1-тармағының 5-тармақшасына сәйкес уәкілетті органның жазбаша ұйғарымын орындамау лицензияны тоқтата тұру үшін негіз болды.

«Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 7-тармағының талаптарына сәйкес микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұру микроқаржы ұйымының микрокредит беру туралы жаңа шарттар жасасуына, оның ішінде микрокредит беру туралы қолданыстағы шарттардың қолданылу мерзімін ұзартуына және оларды микроқаржы ұйымының міндеттемелері мен жауапкершілігін, сондай-ақ қарыз алушының міндеттемелері мен жауапкершілігін ұлғайтуды көздейтіндей етіп өзгертуіне тыйым салуға алып келеді. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы тоқтатыла тұрған микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы бұрын жасалған шарттар бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындауға міндетті.

Микрокредит беру туралы шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар МҚҰ клиенттері микрокредит беру туралы жасалған шарттардың талаптарына сәйкес МҚҰ алдындағы міндеттемелерінің орындалуын бұзғаны үшін жауапкершілік атқарады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz