
Бүгін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде (бұдан әрі – Агенттік) Қазақстан Республикасы Күнін мерекелеу құрметіне арналған салтанатты іс-шаралар өткізілді.
13 жыл бойы атап өтілмеген Республика Күні биыл күнтізбеге ұлттық мереке ретінде енгізілді. 1990 жылғы 25 қазанда Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамы болды.
Ресми іс-шара Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахмановтың басшылығымен құрылымдық бөлімшелер басшыларының қатысуымен өтті.
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Агенттіктің 2022 жылғы, сол сияқты бүкіл қызметіне жоғары баға берді және 7 мемлекеттік награда бөлді: «Құрмет» ордені, 5 «Ерен еңбегі үшін» медалі және Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы.
«Биыл еліміз дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты. Жалпыұлттық референдумда азаматтардың көпшілігі саяси жаңғыру бағытын қолдады», - деп атап өтті Нұрлан Әбдірахманов өзінің құттықтау сөзінде. «Конституциялық реформа жаңа Қазақстанды құрудағы іргелі қадам болды».
Оның ойынша, мықты мемлекеттің маңызды құрамдас бөлігі ауқатты және берекелі қоғам болып табылады, ол мықты және теңдестірілген экономикасыз, орнықты және дамыған қаржы нарығынсыз мүмкін емес
«Макроэкономикалық деңгейде жоспарланған реформалар мен қайта құрулар қаржы секторындағы тиісті жаңалықтармен және жобалармен қамтамасыз етілуге тиіс», - деп қорытындылады Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz