Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) 2022 жылдың басынан бастап коллекторлық агенттіктердің қызметін реттеу мен бақылауды жүзеге асыруы шеңберінде коллекторлық агенттіктердің тізілімінен 31 коллекторлық агенттік шығарылды. Тізілімнен шығаруға:
Тізілімнен шығару туралы хабарламаны алған сәттен бастап коллекторлық агенттіктерге берешекті өндіріп алу туралы жаңа шарттар және (немесе) банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша коллекторлық агенттікке құқықтың (талаптың) өту талаптарын қамтитын шарттар жасасуға тыйым салынады.
Санкциялар қолданылған коллекторлық агенттіктер бойынша барынша жан-жақты ақпаратпен мына сілтеме бойынша танысуға болады: «Коллекторлық агенттіктер».
Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz