Қаржыгер және банкир Мақсат Нұриденұлы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды. Ол микроқаржы және өзге де банктік емес ұйымдарға қатысты мәселелерге, сондай-ақ Агенттік жүргізетін әдіснамалық құжаттар мен заңнамалық өзгерістерді қадағалау мен әзірлеуге қатысады.
Тағайындалғанға дейін Мақсат Нұриденұлы Альфа-Банк Қазақстан (Алматы) ЕБ АҚ Басқарушы директоры лауазымын атқарды, онда банктің деректерді басқару және операциялық қызметі, сондай-ақ цифрлық трансформация, деректерді корпоративтік басқару, клиенттік талдау, жобаларды басқару және бизнес-процестерді оңтайландыру мәселелері жөніндегі блокқа жетекшілік етті. Қазақстанның түрлі банк ұйымдарында жұмыс істеді және бизнесті трансформациялау және даму стратегиясы бойынша маман болып табылады.
Мақсат Нұриденұлы Халықаралық бизнес университетін (UIB) «Қаржы» бағыты бойынша «Іскерлік Басқару бакалавры» біліктілігімен, сондай-ақ Халықаралық бизнес академиясын (IAB) «Менеджмент» бағыты бойынша «Master of Business and Economics» дәрежесімен аяқтады.
2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Президенттік жастар кадр резервінде тұрады.
Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz