«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ-тың қызметіне қатысты

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ-тың қызметіне қатысты

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Басқарманың мынадай:

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ-ғы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы»;

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ-тың меншікті активтері, «жалпы сақтандыру» және «өмірді сақтандыру» салалары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражаты, зиянды өтеу резервінің қаражаты есебінен қалыптастырылған «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ-тың қаржы активтерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қаулыларын қабылдағаны туралы хабардар етеді.

Қаулылар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері  бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 12 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Заң) іске асыру үшін әзірленді.

Қаулыларда мыналар:

- «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ-тың қаржылық орнықтылығына және кепілдік беру резервтері қаражатының сақталуына ықпал ететін тәуекелдерді басқару жөніндегі базалық рәсімдерді белгілеу;

- «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ-тың меншікті қаражатының және кепілдік беру резервтері қаражатының құрамына кіретін қаржы құралдарын бағалау тәртібін анықтау көзделеді.

Қаулыларды қабылдау «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ-қа әлеуетті тәуекелдерді басқаруға мүмкіндік береді, сондай-ақ Заңда көзделген функцияларды іске асыру үшін «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ активтерінің сақталуын және жеткіліктілігін қамтамасыз етеді.

Қаулылардың толық мәтінімен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеудің тиісті рәсімінен кейін Агенттіктің интернет-порталында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде танысуға болады.

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz