Агенттік 2022 жылғы 2-тоқсандағы «Тәуекел жағдайындағы өсу» есебін жариялады

Агенттік 2022 жылғы 2-тоқсандағы «Тәуекел жағдайындағы өсу» есебін жариялады

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) тоқсан сайынғы есептің (бұдан әрі – Есеп) «Тәуекел жағдайындағы өсу» тақырыбындағы кезекті шығарылымын жариялады.

Есеп банк секторын қадағалап стресс-тестілеу мақсаттары үшін макроқаржылық сценарийлерді әзірлеу шеңберінде дайындалды және ел экономикасын дамытудың сыртқы және ішкі макроқаржылық жағдайларының жай-күйін сапалы бағалауды және олардың қысқа және орта мерзімді перспективада Қазақстанның ІЖӨ-нің шартты өсуін бөлуге әсерін қамтиды. Есептеулер Growth at Risk[1] ықтималдылық моделін қолдана отырып жүргізілді.

2022 жылғы 2-ші тоқсанда геосаяси шиеленістің өсуі, Ресейге қарсы санкциялардың күшеюі, әлемнің кейбір елдерінде карантиндік шектеулердің енгізілуі, жоғары сыртқы инфляциялық жағдай, дамыған елдерде ақша-кредит саясатының күшеюі және азық-түлік пен энергетикалық тауарлар бағасының жоғары болуы байқалды. Мұндай жағдайларда жаһандық рецессия ықтималдығы ұлғайды, бұл қысқа және орта мерзімді кезеңде Қазақстандағы дамудың макроқаржылық жағдайларының нашарлауына алып келді.

FCI жиынтық индексі бағытындағы өзгеріс экономикалық өсудің 2022 жылғы 1-тоқсандағы 5,2%-дан 2022 жылғы 2-тоқсанда 4,0%-ға (ж/ж) дейін баяулауын көрсете отырып, талаптардың қатаңдатылуын көрсетеді. Сонымен қатар, барлық FCI қосалқы индекстерінде талаптарды қатаңдату жағдайлары байқалады. Сыртқы сұраныс талаптарының жақсаруы бәсеңдеген кезде ішкі FCI, борыш жүктемесінің индексі және сыртқы FCI бойынша қатаңдату ең жоғары деңгейді көрсетті.

Модельдің бағалауларына сәйкес ішкі және сыртқы макроқаржылық жағдайлардың нашарлауына қарамастан, 2022 жылғы 2-тоқсанда байқалған шикізат тауарларына жоғары әлемдік бағалар бір жылдан кейін ІЖӨ-нің шартты өсуінің 0,5 пайыздық тармаққа артуына ықпал етті. Бұл ІЖӨ-нің теріс өсу ықтималдығының 37%-дан 24%-ға дейін төмендеуіне алып келді, ал орта мерзімді кезеңде мұндай ықтималдық ІЖӨ-нің 5%-ын құрайды.

Сценарийлік талдау мұнай бағасы мен пайыздық мөлшерлеменің теріс күйзелістері шартты ІЖӨ-нің нөлден төмен өсу ықтималдығын арттыратынын көрсетті.

Есептің толық мәтінін Агенттіктің сайтынан табуға болады.

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы:

 +7 (727) 2371089, press@finreg.kz

 

[1] Growth at risk моделінің әдіснамалық сипаттамасымен толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/documents/details/246028?lang=ru сілтемесі бойынша танысуға болады