Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Базалық активі осы бағалы қағаздар болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздарды және (немесе) туынды бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастыру қорытындылары туралы хабардар ету, сондай-ақ депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы хабардар ету нысандары мен мерзімдерін бекіту туралы» Агенттік Басқармасының қаулысы жобасының (бұдан әрі – Жоба) әзірленгені туралы хабарлайды.
Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын іске асыру үшін әзірленді.
Қаулының жобасы уәкілетті органның шет мемлекеттің аумағында бағалы қағаздарды және туынды бағалы қағаздарды орналастыруға рұқсат беру тәртібін хабарлама жасау тәртібіне ауыстыруына байланысты «Бағалы қағаздар рыногы туралы» ҚР Заңының 22-1-бабына түзетулерді іске асыруға бағытталған.
Бұдан басқа, жобада эмитенттің осындай қаржы құралдарын шет мемлекеттің аумағында орналастырғаны туралы уәкілетті органды хабардар етудің нысандары мен мерзімдері бекітіледі.
Жобаның толық мәтінімен https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14129561 ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталынан және Агенттіктің ресми интернет-ресурсынан танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz