Орталық депозитарийдің ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару жүйесін жетілдіру туралы

Орталық депозитарийдің ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару жүйесін жетілдіру туралы

2022 жылғы 30 мамырда ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысына[1] (бұдан әрі – Қаулы) өзгерістер енгізуді көздейтін қаулыны қабылдады.

 Бұл Қаулы орталық депозитарийдің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуін екінші деңгейдегі банктерге және банк қызметтерінің кейбір түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын талаптарға сәйкес келтіру мақсатында қабылданды.

Қаулыда әзірлеу және практикаға енгізу қажет болатын нормативтік құжаттардың тізбесі айқындалады. Мәселен, ақпараттық қауіпсіздік саясаты мен қорғалуға тиіс ақпарат тізбесінен бастап антивирустық қорғау тәртібі сияқты біршама төмен деңгейдегі ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережелеріне дейін орталық депозитарийдің 17 нормативтік құжатын әзірлеу көзделіп отыр. Осылайша, тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын қолданыстағы талаптар орталық депозитарийдің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету процестерімен үйлесімге келтірілді.

Осы Қаулы негізінде қабылданған өзгерістер орталық депозитарийдің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуін жетілдіруіне ықпал етеді.

Жобаның толық мәтінімен Агенттіктің интернет-порталынан және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінен танысуға болады.

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz

 

[1] «Орталық депозитарийге арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 318 қаулысы