ҚНРДА және KASE Моңғолия Қаржылық реттеу жөніндегі комиссиясының және Моңғолия қор биржасының өкілдерімен кездесу өткізді

ҚНРДА және KASE Моңғолия Қаржылық реттеу жөніндегі комиссиясының және Моңғолия қор биржасының өкілдерімен кездесу өткізді

2022 жылғы 5 мамырда Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) және Қазақстан қор биржасының Моңғолия Қаржылық реттеу жөніндегі комиссиясының және Моңғолия қор биржасының өкілдерімен кездесуі өтті.

Кездесу бейнеконференцбайланыс режимінде Агенттік Төрағасының орынбасары М.Ж. Хаджиеваның және Моңғолия Қаржылық реттеу жөніндегі комиссиясы Төрағасының орынбасары Ц. Тудевтің қатысуымен өтті. Екі елдің қор биржалары атынан Қазақстан қор биржасы Төрағасының орынбасары Н.Ю. Хорошевская және Моңғолия қор биржасының Төрағасы А. Хангай қатысты.

Кездесу барысында Қазақстан мен Моңғолияның бағалы қағаздар нарығының ағымдағы жай-күйі, соңғы заңнамалық өзгерістер, сондай-ақ екі елдің капитал нарықтарын дамыту бойынша болашақтағы жоспарлар талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Моңғолияның қаржылық реттеушілері, сондай-ақ қор биржалары арасындағы ынтымақтастық бойынша ұсыныстарды әзірлеу үшін тәжірибе алмасу жөніндегі бірқатар іс-шаралар өткізу туралы уағдаласты.

 

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1090, press@finreg.kz