Кепілмен қамтамасыз етумен жұмыс жүргізу жөніндегі ішкі рәсімдерді күшейту туралы

Кепілмен қамтамасыз етумен жұмыс жүргізу жөніндегі ішкі рәсімдерді күшейту туралы

Кепілдермен жұмыстағы орын алып отырған кемшіліктерді кешенді қамту мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) кепілмен қамтамасыз етумен жұмыс жүргізудің бірыңғай қағидаттары мен рәсімдерін белгілеуді жоспарлап отыр, олар банктердің кепілдермен жұмыс жүргізу жөніндегі ішкі саясаттары мен рәсімдеріне қойылатын талаптарды күшейтуге және қаржылық қызметтерді тұтынушылар үшін даулы және проблемалық жағдайлардың туындау тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы шеңберінде Агенттік Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларына банктердің кепілдермен жұмыс істеуі бөлігінде өзгерістер мен толықтырулардың қосымша топтамасын әзірледі.  

Сондай-ақ қабылданып жатқан шаралар банктердің жекелеген қызметкерлері және бағалау компаниялары тарапынан кепілдермен жұмыс істеу кезінде асыра сілтеуге жол бермеу үшін бақылау тетіктерін күшейтуге бағытталатын болады.

Банктердің кепілмен қамтамасыз етулермен жұмыс істеу жөніндегі ішкі саясаттарының және рәсімдерінің сапасымен байланысты тәуекелдер қадағалау практикасының, сондай-ақ AQR нәтижелерінің негізінде анықталғанын атап өткен жөн. Банктердің кредит тәуекелінің ұлғаюына әкеп соққан, кепілді бағалауда дұрыс емес тәсілдерді қолдану жағдайлары осындай мысалдардың бірі болып табылады.   

Осы бағыт шеңберінде 2021 жылдың соңында Агенттік Жоғарғы Сотпен, Әділет министрлігімен, Ұлттық Банкпен және басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп жылжымайтын мүлік ипотекасы және кепіл мүлкімен жұмыс жүргізу мәселелерін реттейтін заңдар мен нормативтік-құқықтық актілерге де өзгерістер енгізген болатын.    

Ұсынылып отырған өзгерістер жобасы қазіргі кезде мүдделі тараптармен талқылау процесінен өтуде және жақын уақытта жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталына орналастырылады.

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 727 237 1089, press@finreg.kz