2022 жылғы 14 – 19 қаңтар аралығындағы кезеңде екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істеу режимі туралы

2022 жылғы 14 – 19 қаңтар аралығындағы кезеңде екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істеу режимі туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі елдегі төтенше жағдайдың енгізілуін ескере отырып,                                  2022 жылғы 14 – 19 қаңтар аралығындағы кезеңде екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істеу режимі туралы хабарлайды.

Екінші деңгейдегі банктердің көпшілігі бөлімшелері мен құрылғыларының толыққанды жұмыс істеуін қалпына келтірді.

Екінші деңгейдегі банктердің нақты бөлімшелерінің жұмысы туралы барынша толығырақ ақпаратты call-орталықтардан және мобильдік қосымшалардан нақтылау қажет.

Сонымен бірге 2022 жылғы 10 қаңтардан бастап Агенттіктің Call-орталығы жұмысын қайта бастағанын хабарлаймыз.

 Call-орталықтың телефоны: +7 (727) 237 1000

Жұмыс істеу кестесі дүйсенбі – жұма, сағат 9.00 – 16.00 аралығы