2021 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстанның банк секторының жай-күйі туралы

2021 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстанның банк секторының жай-күйі туралы

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жүргізген талдау негізінде банк секторының жиынтық активтері негізінен банктік қарыздардың 1,5%-ға өсуі есебінен қазанда 1,3%-ға ұлғайып, 01.11.2021 ж. 36,01 трлн теңгені құрады. 2021 жылдың басынан бастап жиынтық активтердің өсуі 16,2%-ды құрады.

Екінші деңгейдегі банктердің 12,23 трлн теңгені немесе активтердің 33,9%-ын құрайтын жоғары өтімді активтерінің елеулі қоры бар. Өтімділік қоры банктерге өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Банк секторы міндеттемелерінің құрылымы негізінен 25,35 трлн теңгені немесе банктердің жиынтық міндеттемелерінің 80,4%-ын құрайтын депозиттік портфельмен ұсынылған. Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар және басқа банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар сияқты өзге де міндеттемелердің үлесі тиісінше 7,3%-ды және 2%-ды құрады.

01.11.2021 жылғы жағдай бойынша банк секторының жеткілікті капитал қоры бар. Негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті – (к1) – 20,3%, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті – (к2) – 24,77%, бұл жүйе бойынша орташа алғанда заңнамамен белгіленген  нормативтерден айтарлықтай асып түседі.  

Банк активтерінің рентабельділігі (ROA) 01.11.2021 жылға 3,15%-ды (01.11.2020ж. – 2,41%), капитал рентабельділігі (ROE) – 25,43%-ды (01.11.2020ж. – 18,43%) құрады.

Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі 01.11.2021 жылғы жағдай бойынша 2021 жылғы қазанда 1,4%-ға ұлғайып, 17,2 трлн теңгені құрады. Бұл көрсеткіштің 2021 жылдың басынан бері өсімі 17,6%-ды құрады.

2021 жылғы қазанда ұлттық валютадағы кредиттер көлемі 2,5%-ға ұлғайды, ал жылдың басынан бастап 21,1%-ға - 12,72 трлн теңгеден 15,41  трлн теңгеге дейін ұлғайды.  Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер іс жүзінде 0,8%-ға, жеке тұлғаларға - 3,5%-ға ұлғайды.

Салалық бөліністе банктердің экономикаға кредиттерінің барынша көп сомасы мынадай салаларға тиесілі:  жалпы көлемдегі үлесі: өнеркәсіп – 14,1%, сауда – 10,9%, құрылыс – 3,3% және көлік – 2,6%.

Халыққа ипотекалық кредиттеу көлемі 2021 жылғы қазанда 3,8%-ға ұлғайды және 01.11.2021 жылғы жағдай бойынша 3,02 трлн теңгені құрады. Бұл көрсеткіштің өсуі 2021 жылдың басынан бастап 27,3%-ды құрады. Азаматтардың тұтынушылық мақсаттарына арналған кредиттер 2021 жылғы қазанда 3,5%-ға 5,83 трлн теңгеге дейін өсті. 2021 жылдың басынан бастап тұтынушылық қарыздар 32,8%-ға өсті.

01.11.2021ж. алдын ала мәліметтер бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттердің кредиттік портфельдің жалпы көлеміндегі үлесі 2021 жылғы қыркүйекте 0,3%-ға азайып, 4,0% (2021 жылдың басында – 6,9%) болды. Жеке тұлғалардың қарыздар портфелінде 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар деңгейі 3,9% (01.01.2021ж. – 5,4%), ШОБ ескере отырып заңды тұлғалардың портфелінде – 4,4% (01.01.2021ж. – 8,6%) болды.

Ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 2021 жылғы қазанда  1,6%-ға ұлғайды және 01.11.2021ж. жағдай бойынша 16,75 трлн теңге болды, шетел валютасымен депозиттер 9,26 трлн теңгеге дейін 1,2%-ға азайды. 2021 жылдың басынан ұлттық валютамен депозиттер 20,9%-ға, шетел валютасымен депозиттер 12,4%-ға өсті. Нәтижесінде долларлану деңгейі  01.11.2020 жылғы 40,8%-бен салыстырғанда 01.10.2021ж. жағдай бойынша 35,6%-ды құрады.

Мерзімді депозиттер көлемі 2021 жылғы қазанда 2,3%-ға ұлғайып, 18,17 трлн теңге болды. 2021 жылдың басынан бұл көрсеткіштің өсуі 18,9%-ды құрады.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 7,5% (2020 жылғы желтоқсанда – 7,3%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 8,4% (2020 жылғы желтоқсанда – 9,2%) болды.

 

Толығырақ ақпаратты Агенттіктің сайтынан алуға болады:  *https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/documents/details/217788?lang=ru

Баспасөз қызметі

+7 (727) 237 1090, press@finreg.kz