«Capital Bank Kazakhstan» АҚ-тың (бұдан әрі – Банк) қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы

«Capital Bank Kazakhstan» АҚ-тың (бұдан әрі – Банк) қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы

05.10.2021ж. Алматы қ. Мамандандырылған экономикалық сотының «Capital Bank Kazakhstan» АҚ-тың (бұдан әрі – Банк) қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы 25.08.2021 ж. шешімі заң күшіне енді.

05.10.2021ж. Агенттік Төрағасының № 313 бұйрығымен Банктің тарату комиссиясы тағайындалды, ол банк заңнамасына сәйкес банк істерін жалғастырады.

Банктің тарату комиссиясы Банк істерін аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайды.

Қосымша ақпарат алу мәселелері бойынша «Capital Bank Kazakhstan» АҚ-тың Назарбаев д-лы, 187Б мекенжайында орналасқан тарату комиссиясына тікелей жүгіну қажет, телефоны: +7 (727) 331 66 77.

Төрағасы – Отцова Анфиса Леонидовна.