Жарияланымды тарату кезінде сыйақы мөлшерлемесін көрсетпегені үшін екі банкке айыппұл салынды

Жарияланымды тарату кезінде сыйақы мөлшерлемесін көрсетпегені үшін екі банкке айыппұл салынды

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) 2020 жылғы сәуірден бастап халықпен өзара іс-қимыл жасайтын қаржы ұйымдарының және өзге де ұйымдардың жарнамалық қызметіне алаяқтық және басқа да заңсыз іс-әрекеттердің мүмкіндігі тұрғысынан жүйелі мониторинг жүргізуде.

Мәселен, 2021 жылғы шілдеде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-қа қатысты қарыздар бойынша сыйақы мөлшері туралы ақпаратты таратқан кезде  сыйақы мөлшерлемесін жариялау кезінде оны дәйекті, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеуде (бұдан әрі – ЖТСМ) көрсетпегені үшін айыппұл (145 850 теңге) түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

2021 жылғы тамызда Агенттік «Сбербанк» АҚ ЕБ-ға қатысты оны қарыздар бойынша сыйақы мөлшері туралы ақпаратты тарату кезінде ЖТСМ-ді жариялау кезінде көрсетпегені үшін әкімшілік айыппұл (145 850 теңге) салды.

2021 жылғы тамызда «Шинхан Финанс» микроқаржы ұйымы» ЖШС-ға қатысты Микрокредит беру туралы үлгілік шарттың ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі бөлігінде Тәртіп талаптарын бұзғаны үшін жазбаша ұйғарым жіберілді.

Шілде және тамызда бағалы қағаздар нарығы субъектілеріне, сақтандыру  нарығы субъектілеріне қатысты бұзушылықтар, сондай-ақ заңсыз іс-әрекеттер және алаяқтық фактілері анықталған жоқ. 

Қаржы ұйымдарының жарнамалық қызметінің мониторингі көздеріне мыналар:

  • қаржы ұйымдарының және өзге де ұйымдардың Агенттікке, оның ішінде Агенттіктің сұрау салуы бойынша ұсынған құжаттары мен ақпараты;
  • жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан келіп түскен өтініштер, құжаттар және ақпарат;
  • қаржы ұйымдарының  және өзге де ұйымдардың сайттары;
  • Facebook, Twitter, Instagram, «ВКонтакте», Telegram әлеуметтік желілер;
  • қаржы ұйымдарының және өзге де ұйымдардың мобильді қосымшалары;
  • теле-, радиоарналардағы, қоғамдық көліктердегі, мерзімді баспасөз басылымдарындағы жарнама, сондай-ақ сыртқы жарнама болып табылады.
  • Мониторинг Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және Қазақстанның облыс орталықтарында жүргізілді.

    

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мына телефонға өтініш жасауға болады

+7 (727) 237 1000

 Баспасөз қызметі

+7 727 237 1090, press@finreg.kz