Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымы инвесторларға ескертеді

Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымы инвесторларға ескертеді

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өздерін «инвестициялық компаниялар» ретінде көрсететін ұйымдармен шарттық қатынастарға түсу кезінде IOSCO Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымының (International Organization of Securities Commissions, IOSCO) хабарламаларымен және ескертулерімен танысуға кеңес береді.

Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымы өз мүшелерінен хабарлама немесе ескерту берген, юрисдикцияда инвестициялық қызметтерді көрсетуге уәкілеттігі жоқ компаниялар туралы хабарламалар мен ескертулер алып отырады. Кейбір хабарламалар немесе ескертулер уәкілетті инвестициялық фирмалардың атауларына ұқсас атауларды пайдаланатын немесе өздерін уәкілетті инвестициялық фирмалармен байланыстымыз деп жалған мәлімдеген, рұқсат етілмеген фирмаларға қатысты.

Осы деректерді IOSCO өзінің интернет-ресурсында Investor Alerts Portal бөлімінде https://www.iosco.org/investor_protection/?subsection=investor_alerts_portal мекенжайы бойынша тізім түрінде жариялайды.

IOSCO мүшелері хабарламалар мен ескертулерді ерікті негізде ұсынады. Хабарламалар мен ескертулердің мазмұны үшін оларды ұсынатын IOSCO мүшесі жауапкершілікте болады.

IOSCO мүшесінің атымен қатар тұрған күн - бұл тізімде хабарлама немесе ескерту жарияланған күн. Күнді басу IOSCO мүшесінің веб-парағындағы хабарлама немесе ескерту мәтініне қайта бағыттауға әкеледі. Барлық қажетті ақпаратты алу үшін IOSCO мүшесінің веб-парағына өту керек. IOSCO хабарламалар мен ескертулерді тек алдыңғы және ағымдағы айларда жарияланған хабарламаларды көрсететін кестеге орналастырады, бұл ретте барлық жарияланған хабарламалар кесте бағандарының мазмұны бойынша іздеуге қолжетімді.