Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жай-күйі туралы

Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жай-күйі туралы

2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша акциялар нарығын капиталдандыру 50,2 трлн теңгені құрады, ол 2026 жылғы тамызда негізінен «Kaspi.kz» АҚ-тың (+16,0%) және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-тың  (+8,5%)  KASE индексінің өкілдік тізіміне кіретін акциялар бағасының өсуі есебінен 5,3%-ға ұлғайды (2026 жылдың басынан бастап  28,8%-ға өсті).

 2026 жылғы тамызда акциялармен сауда-саттық көлемі 24,3 млрд теңгені құрады, бір айда негізінен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Kaspi.kz» АҚ, «KEGOC» АҚ, Freedom Holding Corp., «Кселл» АҚ және  «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акцияларымен сауда-саттық көлемінің өсуі  есебінен 22,6%-ға  ұлғайды.

2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ-тың (бұдан әрі – KASE) сауда тізімдерінде 72 қазақстандық эмитенттің 85 атауының акциялары болды, оның ішінде 2 эмитенттің 2 атауының  акциялары «Листингтік емес бағалы қағаздар» секторында айналысқа жіберілді.

2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша KASE индексі 4,0%-ға 8 121,46  тармаққа дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бастап 15,5%-ға өсті).

2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша «KASE Global» секторында 71 шетелдік эмитенттің 52 атаудағы акциялары, 3 ADR және 25 ETF болды. «KASE Global» секторындағы сауда-саттық көлемі 2026 жылғы тамызда 32,2 млрд теңгені құрап, бір айда негізінен ProShares Trust, Space Exploration Technologies Corp., SPDR Gold Trust, NVIDIA Corp., VANECK ETF TRUST, SALESFORCE.COM Inc, Moderna, Micron Technology, Inc. акцияларымен сауда-саттық көлемінің өсуі есебінен 20,6%-ға ұлғайды.

KASE-де саудаланатын корпоративтік борыш көлемі 2026 жылғы тамызда 0,6%-ға азайып, 16,7 трлн теңгені құрады (2026 жылдың басынан бастап 2,7%-ға өсті). KASE-дегі корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі алдыңғы аймен салыстырғанда негізінен бастапқы нарықтағы сауда-саттық көлемінің төмендеуі есебінен 2026 жылғы тамызда 76,0%-ға 312,4 млрд теңгеге дейін азайды.  2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша KASE сауда тізімдерінде 174 эмитенттің 808 корпоративтік облигациялар шығарылымы болды.

KASE-де саудаланатын мемлекеттік борыш 2026 жылғы тамызда   0,8%-ға ұлғайып, 36,7 трлн теңгені құрады (2026 жылдың басынан бастап 15,1%-ға өсті). 2026 жылғы тамыз айының қорытындысы бойынша KASE-де мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттықтың жиынтық көлемі 16,4%-ға ұлғайып, 1,2 трлн теңгені құрады. МБҚ бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі 7,7%-ға 0,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Оның ішінде өтеуге кірістілігі 14,00–18,30% болатын 10 облигациялар шығарылымын орналастырып, ҚР Қаржы министрлігі 780,3 млрд теңге тартты, он алты   облыстың және Шымкент қаласының әкімдіктері мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде 114,7 млрд теңге тартты.

Ұжымдық инвестициялау нарығында 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 55 инвестициялық пай қоры, оның ішінде 24 аралық, 27 жабық, 2 ашық және 2 биржалық пай қоры жұмыс істеді.

Инвестициялық пай қорлары активтерінің көлемі 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 302,5 млрд теңгені құрады, ол 2026 жылғы тамызда негізінен бағалы қағаздар портфелін теріс қайта бағалау есебінен 3,7%-ға азайды. 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша бағалы қағаздар портфелі 251,8  млрд теңгені немесе инвестициялық пай қорларының жиынтық активтерінің 83,3%-ын құрады.

2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша бағалы қағаздар нарығының институционалдық құрылымына 44 брокер мен дилер, 11 кастодиан-банк, 22 инвестициялық портфельді басқарушы, 6 трансфер-агент, сондай-ақ 3 инфрақұрылымдық ұйым: KASE, KASE Клиринг орталығы және Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі кірді.

2026 жылғы тамызда Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесіндегі шоттардың саны 1,8%-ға 5 850,1 мың  шотқа дейін ұлғайды, оның ішінде:

- депоненттер клиенттерінің қосалқы шоттарының саны 700,6  мың қосалқы шотқа дейін 0,2%-ға ұлғайды (2026 жылдың басынан бастап
0,3%-ға өсті);

- брокерлер ашқан және жинақталған омнибус-шоттар арқылы есепке алынатын дербес шоттардың саны 5 149,5 мың шотқа дейін 2,0%-ға ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 18,0%-ға ұлғайды).

Брокерлердің және (немесе) дилерлердің және инвестициялық портфельді басқарушылардың жиынтық активтері 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша негізінен «кері РЕПО» операцияларының, сондай-ақ ақша қаражаты мен олардың баламаларының өсуі есебінен 1,8%-ға 657,3 млрд теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бастап 9,5%-ға өсті).

Міндеттемелер негізінен жекелеген қатысушылардың алынған қарыздар бойынша міндеттемелерінің азаюы есебінен 0,5%-ға 174,3 млрд теңгеге дейін азайды (2026 жылдың басынан бері 19,5%-ға өсті). Меншікті капитал негізінен есепті кезеңдегі бөлінбеген пайданың ұлғаюы нәтижесінде 2,6%-ға 483,0 млрд теңгеге дейін ұлғайды (жылдың басынан бастап 6,3%-ға өсті).

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz