Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жұмыс қорытындылары туралы

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жұмыс қорытындылары туралы

2026 жылғы тамызда Агенттік қаржы ұйымдары мен коллекторлық агенттіктердің қызметіне байланысты жеке және заңды тұлғалардың 14,7 мың жолданымын қарады, бұл өткен айға қарағанда 3,1%-ға аз. Олардың ішінде жолданымдардың ең көп үлесі банк секторына – 47,7%, микроқаржы ұйымдарына – 37,8%, коллекторлық агенттіктерге – 8,1% тиесілі. Қаралған жолданымдардың негізгі үлесі қарыздар бойынша берешекті реттеуге – 41%, заңнаманы түсіндіруге – 18% және түрлі мәселелер бойынша консультацияларға – 12% тиесілі болды.

2026 жылғы тамызда Агенттік заңнамада анықталған бұзушылықтар бойынша қаржы нарығының субъектілеріне 4 қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шарасын (ҚДҰШ), 4 жазбаша нұсқаманы қолданды және әкімшілік құқық бұзушылық туралы 11 хаттама бойынша жалпы сомасы 5,6 млн теңгеге 11 әкімшілік айыппұл салды, оның ішінде:

- банктерге – 1 ҚДҰШ;

- банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға –  1 ҚДҰШ;

- микроқаржы ұйымдарына – 2 жазбаша нұсқама, 2 әкімшілік айыппұл;

- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына – 2 ҚДҰШ және 9 әкімшілік айыппұл;

- коллекторлық ұйымдарға –  2 жазбаша нұсқама.

Агенттік үш бағыт бойынша жалғыз тұрғын үйді сақтауға және борыш жүктемесін төмендетуге бағытталған Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) іске асырады.

2004 - 2020 жылдар кезеңінде ипотекалық қарыз алған қарыз алушылардың жалғыз тұрғын үйін сақтауға бағытталған Бағдарламаның бірінші бөлігі шеңберінде 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша банктер 215 млрд теңге сомасына 33,3 мың қарызды қайта қаржыландырды.

Бағдарламаның 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген валюталық ипотекалық қарыздарды айырбастауға/қайта қаржыландыруға бағытталған екінші бағыты шеңберінде банктер 16,2 мың валюталық ипотекалық қарызды 114,4 млрд теңге сомасына айырбастауды/қайта қаржыландыруды жүргізді. Бағдарламаның екінші бөлігін іске асыру 2025 жылғы 31 желтоқсанда аяқталды.

Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша банктер халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 10,6 мың қарыз алушыға 101,2 млрд теңге сомасында қосымша қаржылық қолдау шараларын көрсетті. Қолдау шаралары қарыз алушының берешегін азайту, өтеудің жеңілдікті кестелерін белгілеу, сондай-ақ банктің балансында тұрған жалғыз баспананы қарыз алушының меншігіне қайтару түрінде көрсетіледі.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz