Қазақстанда бірыңғай Қаржы омбудсманы қызметі қалыптасты: жаңа институт жұмысын 2027 жылғы 1 қаңтардан бастайды

Қазақстанда бірыңғай Қаржы омбудсманы қызметі қалыптасты: жаңа институт жұмысын 2027 жылғы 1 қаңтардан бастайды

2026 жылғы 30 қыркүйекте қаржы омбудсманы қызметі кеңесінің отырысында бас қаржы омбудсманы және банк, микроқаржы, сақтандыру салалары мен бағалы қағаздар нарығындағы омбудсмандар сайланды.

Сайлау «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне  қаржы нарығын реттеу  және дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері  бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру шеңберінде өткізілді.

Бас қаржы омбудсманы және қызметін қоса атқаратын бағалы қағаздар нарығындағы қаржы омбудсманы болып Мария Жамаловна Хаджиева сайланды. Қаржы нарығында реттеу мен қадағалауда көп жылдық тәжірибесі бар. Әділет министрлігінде, Ұлттық Банкте және қаржылық қадағалау органдарында жұмыс істеген. 2019-2025 жылдары Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Банк саласындағы қаржы омбудсманы болып Руслан Фархатович Ибрагимов сайланды. Заң және қаржылық білімі, банк секторындағы проблемалық қарыздармен жұмыс тәжірибесі бар. 2016 жылдан бері банк омбудсманы кеңсесінде жұмыс істейді.

Микроқаржы саласындағы қаржы омбудсманы болып Назгүл Қарасқызы Естеусізова  сайланды. Жоғары экономикалық және заң білімі, заң ғылымдарының магистрі дәрежесі бар. Банк секторында жұмыс істеген, Қазақстанның Ұлттық коллекторлар палатасын және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі әлеуметтік жобаны басқарған. 2024 жылғы желтоқсаннан бері микроқаржы омбудсманы болып табылады.

Сақтандыру саласындағы және бағалы қағаздар нарығындағы қаржы омбудсманы болып Қанат Төлегенұлы Әлиғұлов сайланды. Оның экономикалық және заң білімі, залалдарды реттеу және сақтандыру төлемдері бөлімшелерін басқару тәжірибесі бар. Ол «Номад Иншуранс» және Freedom Finance Insurance сақтандыру компанияларында жұмыс істеген, сақтандыру жағдайларын реттеуді автоматтандыруға және цифрлық клиенттік сервистерді дамытуға қатысқан.

Бірыңғай қаржы омбудсманы қызметі қолданыстағы банк, микроқаржы және сақтандыру омбудсмандары институттарын біріктіріп және тұтынушыларды қорғау тетігін брокерлік көрсетілетін қызметтерге қолдана отырып, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмысын бастайды.

Қаржы омбудсманы қызметінің алдында қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың жолданымдарын тиімді түрде қарауды қамтамасыз ету, қаржы өнімдері бойынша туындайтын дауларды сотқа дейін реттеу, сондай-ақ қарыз алушы-жеке тұлғалардың қаржылық мүмкіндіктерін ескере отырып, олардың берешегін реттеуге жәрдемдесу жөніндегі міндеттер тұр.

Процестерді цифрландыру, берешекті, оның ішінде Finkelisim.kz берешекті ұжымдық реттеу платформасын пайдалана отырып жеке және ұжымдық реттеуді дамыту, сондай-ақ «Қарызсыз қоғам» жобасымен өзара іс-қимыл жасау қызметтің басым бағыттары болады.

Жүйелі проблемаларды және іс-қимылды қадағалау субъектілерінің қайталанатын практикаларын анықтау үшін келіп түскен және қаралған жолданымдарды талдау, сондай-ақ қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру жөнінде тиісті ұсыныстар дайындау қызмет жұмысының маңызды бағыты болады.

Қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың жолданымдарын қарау өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz