Қарыз алушыларды қорғаудың жаңа шаралары: кепілсіз онлайн-қарыздар ресімдеу кезінде сауалнама алу енгізіледі

Қарыз алушыларды қорғаудың жаңа шаралары: кепілсіз онлайн-қарыздар ресімдеу кезінде сауалнама алу енгізіледі

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2026 жылғы 1 қазаннан бастап тұтынушылық кепілсіз онлайн-қарыздар ресімдеу кезінде қарыз алушы-жеке тұлғалардан сауалнама алудың енгізілгені туралы хабарлайды.

Қарыз берудің алдында банктер мен микроқаржы ұйымдары азамат алаяқтардың әсерінен қарыз алып, содан кейін алынған ақшаны үшінші тұлғаларға аударатын алаяқтық қарыздың ресімделуіне жол бермеу үшін клиенттерге сауалнама жүргізеді.

Сауалнамада жеті сұрақтан тұрады. Қарыз алушыдан кредитті ресімдеуді кім ұсынғаны, кредит алу үшін өзінің дербес түрде немесе үшінші тұлғалардың өтініші бойынша жүгінгені, қарыздың қандай мақсаттарға ресімделіп жатқаны, шарттың негізгі талаптарымен танысқаны не таныспағаны, әлдекімнің қысым жасап жатқаны немесе қарыз ресімдеуге асықтырып жатқаны, оған кредит ресімдеу фактісін банк қызметкерлерінен немесе туыстарынан жасыруға кеңес берілгені не берілмегені туралы, сондай-ақ, осыған дейін «ақшаны қорғау» немесе «шот бойынша операцияларды тексеру» туралы ұсыныспен қоңыраулардың болғаны не болмағаны туралы сұрайды. 

Сауалнама нәтижесі бойынша ықтимал алаяқтық немесе қарызды үшінші тұлғалардың ықпалымен ресімдеу белгілері анықталған кезде банк қарыз алудың мән-жайларына қосымша тексеру жүргізеді, оның ішінде қарыз алушыға ықтимал алаяқтық әрекеттерге байланысты тәуекелдер туралы қосымша хабарлайды.

Тексеру нәтижесі бойынша қаржы ұйымы шарт жасау, анықталған мән-жайлар жойылғанға дейін оны жасауды тоқтата тұру не шарт жасаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Жаңа талаптар биометриялық аутентификацияны, қомақты онлайн-қарыздар беру кезіндегі «шешім қабылдау кезеңін» және қарыздар мен микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тарту мүмкіндігін қоса алғанда, алаяқтық кредит беруге қарсы іс-қимыл жөніндегі қолданыстағы шараларды толықтырады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz