Агенттік банктердің киберорнықтылығына қадағалауды күшейтеді

Агенттік банктердің киберорнықтылығына қадағалауды күшейтеді

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары Тимур Әбілқасымов Астанада өткен KazHackStan 2026 халықаралық практикалық конференциясы аясында «Цифрлық сенімсіздік: ЖИ алаяқтар мен қорғаушылар үшін ойын ережелерін қалай өзгертеді» панельдік сессиясына қатысты. Іс-шараны Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі және Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы ұйымдастырды. 

Сонымен бірге іс-шараға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, ұлттық және халықаралық CERT-командалардың, банктер мен қаржы ұйымдарының, технологиялық компаниялардың, әзірлеушілердің, зерттеу және сараптамалық қоғамдастықтың өкілдері қатысты.

Сессия барысында банктердің киберорнықтылығын бағалау құралы ретінде қадағалау кибероқуларына ерекше назар аударылды. Пилоттық кезең шеңберінде Агенттік банктердің кибершабуылдарға қарсы тұру қабілетін ғана емес, сондай-ақ олардың ықтимал оқыс оқиғалардан кейін ақпараттық жүйелердің жұмысын жедел қалпына келтіруге дайындығын да тексерді.

«Цифрлық стратегия мен қаржы нарығында ЖИ-ді жан-жақты енгізу шеңберінде біз қадағалап бағалауға қол жеткіздік. Біріншісі – бұл корпоративтік басқару. Бұл – банктердің ресурстарын, олардың командаларын жабдықталу деңгейін және процестердің қалай құрылғанын бағалау. Екіншісі – кең ауқымды кибероқу. Келесі жылы қадағалау жаттығуы ретінде ірі банктер қатысатын толық ауқымды кибероқу жоспарлануда, оларға банк секторы активтерінің шамамен 90%-ы тиесілі», –  деп атап өтті Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары. 

Сонымен қатар қатысушылар сондай-ақ киберқауіпсіздік, цифрлық технологияларды дамыту, жасанды интеллектті қолдану, киберқауіп пен алаяқтықтың жаңа түрлері, сондай-ақ цифрлық инфрақұрылым мен қаржы секторын қорғаудың өзекті мәселелерін талқылады. 

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz