
Алматыда өңір елдерінің реттеушілерінің, микроқаржы ұйымдарының, инвесторларының, қаржылық-технологиялық компанияларының және салалық қауымдастықтарының өкілдерін біріктірген Микроқаржыландыру жөніндегі Орталық Азия форумы өтті. Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Орталық Азияның басқа да елдерінің өкілдері қатысты.
Форумға қатысушылар микроқаржы нарығын дамыту, қаржы секторын цифрландыру, қаржылық қызметтердің қолжетімділігін арттыру және өңірлік ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
Форумды аша отырып, АгенттікТөрағасының орынбасары Олжас Қизатов Қазақстанның микроқаржы секторы соңғы жылдары айтарлықтай өзгергенін және бүгінде қаржы жүйесінің маңызды бөлігі болып табылатынын атап өтті.
«Біз енді тұтынушылық микрокредит беру туралы ғана айтып отырған жоқпыз. Біз кәсіпкерлікті, экономикалық белсенділікті және қаржылық қолжетімділікті қаржыландырудың маңызды көзіне айналатын сектор туралы айтып отырмыз», – деп атап өтті Қизатов.
Бүгінгі күні Қазақстанда 214 микроқаржы ұйымы жұмыс істейді. Соңғы бес жылда олардың активтері төрт есеге жуық өсіп, 1,7 трлн теңгегежетті.Несиепортфелі 2021 жылдан бастап 3,5 еседен астам ұлғайып, 1,5 трлн теңгені құрайды. Бұл ретте портфельдің 40%-ға жуығы немесе 580 млрд теңгеден астамы бизнесті қаржыландыруға тиесілі.
Қазақстанда микроқаржынарығының базалық реттеуші аясы қалыптасқан. 2020 жылдан бастап микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын барлық ұйымдар мемлекеттік реттеу және қадағалауа ясында, ал 2021 жылдан бастап микроқаржылық қызмет лицензияланатын болды.
Нәтижесінде нарық айтарлықтай шоғырландырудан өтті: оның қатысушыларының саны 80%-дан астамға қысқарды. Сонымен бірге капиталға, пруденциялық нормативтерге, есептілікке, басшылардың біліктілігіне және тұтынушылардың құқықтарын қорғауға қойылатын талаптар белгіленді.
«Нарықты дамытудың бірінші кезеңі – базалық реттеуші аяны қалыптастыру тұтастай алғанда орын алды. Бүгінгі күні біздің алдымызда үшінші деңгейдегі міндет тұр – тек реттелетін ғана емес, жетілген және тұрақты микроқаржы нарығын қамтамасыз ету», – деді Қизатов.
Осыған байланысты Агенттік негізінен реактивті тәсілден тәуекелдердің алдын алуға және тәуекелге бағдарланған қадағалауды және нарыққа қатысушылардың үлкен жауапкершілігін дамытуға ауысады.
Негізгі бағыттардың бірі МҚҰ-да тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін күшейту болады. Ұйымдар өздерінің тәуекел бейінін дербес бағалауға, тәуекелдерді уақтылы анықтауға және басқару шешімдерін қабылдау кезінде оларды ескеруге тиіс.
Бұл ретте қадағалау талаптары ұйымның ауқымын, оның бизнес-моделін және қабылданатын тәуекелдер деңгейін ескереді. Талаптардың формальды түрде сақталуын ғана емес, сондай-ақ тәуекелдерді басқарудың нақты сапасын бағалауға мүмкіндік беретін уәжді пайымдау жаңа құралдардың бірі болады.
Екінші бағыт – микроқаржылық және коллекторлық қызметте өзін-өзі реттеуді енгізу.
Кәсіби қоғамдастық кәсіби стандарттардың сақталуын бақылауға және жолданымдарды қарауға қатысатын, ал Агенттік ресурстарды тәуекел деңгейі жоғары ұйымдар мен жүйелік бұзушылықтарға шоғырландыратын екі деңгейлі модель ұсынылады.
«Өзін-өзі реттеудің міндеті – мемлекеттік қадағалауды алмастыру емес, оны неғұрлым нақты және тиімді ету», – деп атап өтті Қизатов.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғауды одан әрі күшейту үшінші бағыт болады. Ол МҚҰ қызметі тоқтатылған жағдайда қарыз алушыларды қорғауды, алаяқтық микрокредиттерге қарсы іс-қимылды және дауларды шешудің соттан тыс тетіктерін дамытуды қамтитын болады.
Төртінші бағыт – іс-қимылды қадағалауды дамыту. Оның міндеті – қаржы өнімін әзірлеу мен жарнамалаудан бастап проблемалық қарызды сатуға, қызмет көрсетуге және реттеуге дейін қаржы өнімнің қолданыс циклінің барлық кезеңінде қаржы ұйымының клиентпен қаншалықты адал іс-қимыл жасайтынын бағалау.
«Біз қаржы ұйымының клиентпен өзара іс-қимыл философиясын өзгерткіміз келеді. Тұтынушыға деген адал көзқарас қосымша реттегіш талап ретінде емес, қаржы ұйымының бизнес-моделі мен корпоративтік мәдениетінің қалыпты бөлігі ретінде қабылдануға тиіс», – деп атап өтті Агенттік Төрағасының орынбасары.
Қорытындылай келе, Қизатов нарықтың одан әрі дамуы тек реттеуді жетілдіруге ғана емес, сондай-ақ кәсіби қоғамдастықтың жұмыс стандарттарын көтеруге дайындығына да байланысты екенін атап өтті.
«Біздің ортақ міндетіміз – тәуекелдерді тиімді басқару, клиенттерге деген адал қарым-қатынас және олардың мүдделерін қорғау реттеушінің талаптары ғана емес, бизнесті жүргізудің ажырамас бөлігі болатын жетілген және жауапты секторды қалыптастыру», – деп сөзін аяқтады ол.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы