Н. Тұрсынханов Лондондағы конференцияда капитал нарығын дамытудың негізгі бағыттарын ұсынды

Н. Тұрсынханов Лондондағы конференцияда капитал нарығын дамытудың негізгі бағыттарын ұсынды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары Нұржан Тұрсынханов Лондондағы Emerging and Frontier Markets Opportunities Conference конференциясында Капитал нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы жобасының негізгі бағыттарын ұсынды.

Іс-шараға дамушы нарықтардың макроэкономикалық перспективалары мен инвестициялық мүмкіндіктерін талқылау үшін Агенттіктің, Ұлттық Банктің өкілдері, сондай-ақ жаһандық инвестициялық қорлардың, банктер мен қаржы институттарының өкілдері қатысты.

Өз сөзінде Н. Тұрсынханов Агенттік Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ұлттық Банкпен бірлесіп әзірлеген бағдарламаның капитал нарығының тиімділігін одан әрі дамытуға және арттыруға, оның ауқымы мен өтімділігін кеңейтуге, инвесторлық базаны нығайтуға, эмитенттердің қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейтуге, сондай-ақ инвесторлар мен кредиторлардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталғанын атап өтті.

Бүгінгі күні Қазақстан капитал нарығы орнықты өсуді көрсетіп отыр. Айналыстағы борыштық бағалы қағаздардың көлемі 2021 жылғы 76 млрд доллармен салыстырғанда 115 млрд долларға немесе ІЖӨ-нің шамамен 36%-ына жетті. Акциялар нарығын капиталдандыру екі еседен астам өсті және 83 млрд долларды немесе ІЖӨ-нің шамамен 26%-ын құрады. Зейнетақы активтерінің көлемі шамамен 57 млрд долларды құрайды, оның 99,7%-ын Ұлттық Банк басқарады.

«Сонымен бірге нарықтың өтімділігі шектеулі болып қалады: облигациялардың айналымдылық коэффициенті шамамен 9%, корпоративтік облигациялар – шамамен 3%, акциялар – шамамен 1,4%. Еркін айналыстағы акциялардың үлесі (free float) шамамен 21%-ды құрайды. Осыған байланысты Бағдарлама бес негізгі бағытқа бағытталған: нарық ауқымын кеңейту, өтімділікті арттыру, инвесторлық базаны нығайту, эмитенттердің қаржыландыруға қолжетімділігін жеңілдету және инвесторлар мен кредиторларды қорғауды күшейту», – деп хабарлады Н.Тұрсынханов.

Презентацияда капитал нарығында сұраныс пен ұсынысты дамытуға ерекше назар аударылды. Бағдарлама жеке жергілікті басқарушы компанияларға басқаруға берілетін зейнетақы активтерінің үлесін 0,3%-дан 2030 жылға қарай 20-30%-ға дейін ұлғайтуды көздейді. Сондай-ақ инвестициялық өнімдер желісін кеңейту, ішкі инвесторлардың ірі орналастыруларға қатысуын арттыру және компаниялардың нарыққа шығуы үшін неғұрлым тартымды жағдайлар жасау жоспарлануда.

Эмитенттер тарапынан бағалы қағаздарды шығару рәсімдерін оңайлату және цифрландыру, тұрақты эмитенттер үшін базалық проспектілерді енгізу, ішінара кредиттік кепілдік беру тетіктерін және ұлттық рейтингтік инфрақұрылымды дамыту көзделеді. Секьюритилендіруді дамыту қаржыландыруды тартудың қосымша құралы болады.

Бағдарламаның маңызды бағыты қайталама нарықтың өтімділігін арттыру болады. Ол үшін қарыз бен бағалы қағаздарды қарызға алудың орталықтандырылған инфрақұрылымын құру, жабылған қысқа сатылымдарды енгізу және маркет-мейкинг жүйесін жетілдіру жоспарлануда. Сондай-ақ ірі эталондық шығарылымдар, орналастырудың болжамды күнтізбесі және бастапқы дилерлер жүйесін күшейту есебінен мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын дамыту көзделеді.

Бастамалардың жеке блогы кредиторлардың құқықтарын қорғауды күшейтугебағытталған. Атап айтқанда,алдын ала келісілген қайта құрылымдау рәсімін енгізу, кредиторлардың ұжымдық шешім қабылдау тетіктерін жетілдіру, облигациялар бойынша сенімгерлік басқарушы институтын дамыту және шетелдік дәрменсіздік рәсімдерін тану тетіктерін күшейту көзделеді.

«Жиынтығында бұл бастамалар нарықты дамытудың негізгі шектеулерін: жеткіліксіз институционалдық сұранысты, бағалы қағаздардың шектеулі ұсынысын, қайталама нарықтың төмен өтімділігін және кредиторлардың құқықтарын қорғаудағы олқылықтарды жоюға бағытталған»,– деп атап өтті Төрағаның орынбасары.

Kazakhstan Equity Capital Markets Day дәстүрлі жыл сайынғы алаң болып табылады, онда әлеуетті инвесторлар Қазақстанның макроэкономикалық көрсеткіштерімен, қаржы нарығын дамыту туралы өзекті деректермен және халықаралық инвесторлардың қазақстандық капитал нарығына қатысу перспективаларымен таныса алады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz