
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Өскемен қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы басшысының 2026 жылғы 8 қыркүйектегі №1 бұйрығына сәйкес «Шығыс-Несие» кредиттік серіктестігі» ЖШС-нің микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясының қолданысы 3 ай мерзімге тоқтатылды.
Бұған пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзу негіз болды. Лицензияның қолданысын тоқтата тұру микроқаржылық ұйымға микрокредиттер беру туралы жаңа шарттар жасасуға, оның ішінде қолданыстағы микрокредит беру туралы шарттардың қолданылу мерзімін ұзартуға және оларға өзгерістер енгізуге тыйым салуға әкеп соғады.
Микроқаржылық ұйым бұрын жасалған микрокредит беру туралы шарттар бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындауға міндетті.
Микрокредит беру туралы шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар клиенттер компания алдындағы міндеттемелерін орындамағаны үшін жауапты болады.