
2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша акциялар нарығын капиталдандыру 47,7 трлн теңгені құрады, ол 2026 жылғы шілдеде негізінен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (+2,3%) және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (+5,7%) KASE индексінің өкілдік тізіміне кіретін акциялар бағасының өсуі есебінен 0,3%-ға ұлғайды (2026 жылдың басынан бастап 22,3%-ға өсу).
2026 жылғы шілдеде акциялармен сауда-саттық көлемі бір айда негізінен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және «Kaspi.kz» АҚ акцияларымен сауда-саттық көлемінің төмендеуі есебінен 20,1%-ға азайып, 19,8 млрд теңгені құрады.
2026жылғы1 тамыздағы жағдайбойынша «Қазақстанқорбиржасы»АҚ-тың(бұдан әрі – KASE) сауда тізімдерінде 74 қазақстандық эмитенттің 87 атауының акциялары болды, оның ішінде 2 эмитенттің 2 атауының акциялары «Листингтік емес бағалықағаздар» секторында айналысқа жіберілді.
2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша KASE индексі 1,2%-ға 7 807,55 тармаққа дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 11,0% ға өсу).
2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша «KASE Global» секторында 49 атаудағы, 3 ADR және 68 шетелдік эмитенттің 25 ETF акциялары болды. «KASE Global» секторындағы сауда-саттық көлемі бір айда негізінен Microsoft Corporation, Alphabet Inc., Space Exploration Technologies Corp., Tesla, Inc., Apple Inc., Meta Platforms, Inc., iShares Bitcoin Trust ETF акцияларымен сауда-саттық көлемінің өсуі есебінен 3,8%-ға ұлғайып, 2026 жылғы шілдеде 26,7 млрд теңгені құрады.
KASE-де саудаланатын корпоративтік борыш көлемі 2026 жылғы шілдеде 0,05%-ға ұлғайып, 16,8 трлн теңгені құрады (2026 жылдың басынан бастап 3,4%-ға өсу). KASE-дегі корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі алдыңғы аймен салыстырғанда негізінен бастапқы нарықтағы сауда-саттық көлемінің өсуі есебінен 2026 жылғы шілдеде 3,7 есе 1,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды. 2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша KASE сауда тізімдерінде 171 эмитенттің 787 корпоративтік облигациялар шығарылымы болды.
KASE-де саудаланатын мемлекеттік борыш 2026 жылғы шілдеде 0,4%-ға ұлғайып, 36,4 трлн теңгені құрады (2026 жылдың басынан бастап 14,2%-ға өсу). 2026 жылғы шілде айының қорытындысы бойынша KASE-де мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттықтың жиынтық көлемі 28,8%-ға ұлғайып, 1,0 трлн теңгені құрады. МБҚ бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі 43,7%-ға 0,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Оның ішінде өтеуге кірістілігі 13,99-18,93% болатын 9 облигациялар шығарылымын орналастырып, ҚР Қаржы министрлігі 750,4 млрд теңге тартты, он екі облыстың және Астана қаласының әкімдіктері мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде 81,0 млрд теңге тартты.
Ұжымдық инвестициялау нарығында 2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 57 инвестициялық пай қоры, оның ішінде 24 аралық, 29 жабық, 2 ашық және 2 биржалық пай қоры жұмыс істеді.
Инвестициялық пай нарығындағы басқарудағы активтер негізінен бағалы қағаздардың әділ құнын және шетел валютасын теріс қайта бағалау есебінен 2026 жылғы шілдеде 3,4%-ға азайып, 2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 314,0 млрд теңгені құрады. 2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша бағалы қағаздар портфелі 255,9 млрд теңгені немесе инвестициялық пай қорларының жиынтық активтерінің 81,5%-ын құрады.
2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша бағалы қағаздар нарығының институционалдық құрылымына 44 брокер мен дилер, 11 кастодиан-банк, 21 инвестициялық портфельді басқарушы, 6 трансфер-агент, сондай-ақ 3 инфрақұрылымдық ұйым: KASE, KASE Клирингтік орталығы және Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі кірді.
2026 жылғы шілдеде Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесіндегі шоттардың саны 2,4%-ға 5 748,2 мың шотқа дейін ұлғайды, оның ішінде:
- депоненттер клиенттерінің қосалқы шоттарының саны 0,1%-ға 699,1 мың қосалқы шотқа дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 0,1%-ға өсу);
- брокерлер ашқан және жинақталған омнибус-шоттар арқылы есепке алынатын дербес шоттардың саны 2,7%-ға 5 049,1 мың шотқа дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 15,7 %-ға өсу).
Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың активтері 2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша негізінен бағалы қағаздар портфелінің өсуі есебінен 2,3%-ға 645,7 млрд теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 7,6%-ға өсу).
Міндеттемелер негізінен жекелеген қатысушылардың алынған қарыздар, сондай-ақ «РЕПО» операциялары бойынша міндеттемелерінің өсуі есебінен 6,5%-ға 175,1 млрд теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 20,1%-ға өсу). Меншікті капитал негізінен есепті кезеңдегі бөлінбеген пайданың ұлғаюы нәтижесінде 0,9%-ға 470,7 млрд теңгеге дейін ұлғайды (жылдың басынан бері 3,6%-ға өсу).
Сыртқы коммуникациялар басқармасы