
2026 жылғы шілдеде Агенттік қаржы ұйымдары мен коллекторлық агенттіктердің қызметіне байланысты жеке және заңды тұлғалардың 15,1 мың жолданымын қарады, бұл 2026 жылғы алдыңғы айға қарағанда 7,5%-ға аз. Олардың ішінде жолданымдардың ең көп үлесі банк секторына – 50,0%, микроқаржы ұйымдарына – 33,9%, коллекторлық агенттіктерге – 8,8% тиесілі. Қаралған жолданымдар мәселесінің сипаты бойынша жолданымдардың негізгі үлесі қарыздар бойынша берешекті реттеуге – 43%, заңнаманы түсіндіруге – 18% және түрлі мәселелер бойынша консультацияларға – 10% тиесілі болды.
2026 жылғы шілдеде анықталған Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзушылықтары бойынша Агенттік қаржы нарығының субъектілеріне қадағалап ден қоюдың 12 ұсынымдық шараларын (ҚДҰШ), 4 жазбаша ұйғарым және жалпы сомасы 13,9 млн теңгеге әкімшілік құқық бұзушылық туралы 26 хаттама бойынша 27 әкімшілік айыппұл салынды, оның ішінде:
- банктерге – 6 ҚДҰШ және 1 әкімшілік айыппұл;
- микроқаржы ұйымдарына – 4 жазбаша ұйғарым, 6 әкімшілік айыппұл;
- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына – 6 ҚДҰШ және 16 әкімшілік айыппұл;
- коллекторлық ұйымдарға – 4 әкімшілік айыппұл.
Агенттік үш бағыт бойынша жалғыз тұрғын үйді сақтауға және борыш жүктемесін төмендетуге бағытталған Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асырады.
2004-2020 жылдар кезеңінде ипотекалық қарыз алған қарыз алушылардың жалғыз тұрғын үйін сақтауға бағытталған Бағдарламаның бірінші бөлігі шеңберінде 2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша банктер 214,3 млрд теңге сомасына 33,3 мың қарызды қайта қаржыландырды.
01.01.2016 жылға дейін берілген валюталық ипотекалық қарыздарды айырбастауға/қайта қаржыландыруға бағытталған Бағдарламаның екінші бөлігі шеңберінде банктер 114,4 млрд теңге сомасына 16,2 мың валюталық ипотекалық қарыздарды айырбастауды/қайта қаржыландыруды жүргізді.
Бағдарламаның үшінші бөлігі шеңберінде 2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша банктер 101,2 млрд теңге сомасына 10,6 мың халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын қарыз алушыға қосымша қаржылық қолдау шараларын көрсетті. Қолдау шаралары қарыз алушының берешегін азайту, өтеудің жеңілдікті кестелерін белгілеу, сондай-ақ банктің балансында тұрған жалғыз тұрғын үйді қарыз алушының меншігіне қайтару түрінде көрсетіледі.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы