Микроқаржы ұйымдарының 2026 жылғы 1 шілдедегі жай-күйі туралы

Микроқаржы ұйымдарының 2026 жылғы 1 шілдедегі жай-күйі туралы

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – МҚҚЖҰ) активтері 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша микрокредиттер бойынша қамтамасыз етуге қабылданған мүліктен тұратын ломбардтар активтерінің өсуі есебінен 2026 жылғы 2-тоқсанда 0,2%-ға ұлғайып, 3,5 трлн теңгені құрады (2026 жылдың басынан бастап 0,1%-ға төмендеу).

МҚҚЖҰ активтерінің құрылымындағы ең көп үлес микроқаржы ұйымдарына – 1,7 трлн теңге немесе 49,4%, кредиттік серіктестіктерге – 1,1 трлн теңге немесе 31,7%, ломбардтарға – 0,7 трлн теңге немесе 18,9% тиесілі.

МҚҚЖҰ-ның несие портфелі 2026 жылғы 2-тоқсанда негізінен ломбардтардың микрокредиттер беру көлемінің төмендеуі есебінен 0,6%-ға 3,1 трлн теңгеге дейін азайды (2026 жылдың басынан бастап 0,8%-ға өсу). МҚҚЖҰ микрокредиттерінің құрылымында бизнес субъектілеріне берілген микрокредиттердің үлесі 54,7%-ды, халыққа берілген микрокредиттер – 45,3%-ды құрады.

Бизнес субъектілеріне берілген микрокредиттер портфелі 2026 жылғы 2-тоқсанда кредиттік серіктестіктер берген маусымдық қарыздардың өтелуіне байланысты 1,0%-ға, 1,7 трлн теңгеге дейін төмендеді.

Халыққа берілген қарыздар портфелі 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша негізінен ломбардтардың тұтынушылық микрокредиттерінің азаюы есебінен 2026 жылғы 2-тоқсанда 0,2%-ға азайып, 1,4 трлн теңгені құрады.

МҚҚЖҰ портфеліндегі 90 күннен астам төлем мерзімі өткен қарыздардың (NPL90+) деңгейі 2026 жылғы 1 шілдеде 3,9%-ды құрады (01.07.2025ж. – 4,9%). Жеке тұлғалардың портфелінде бұл көрсеткіш 5,1%-ды (01.07.2025ж. – 7,4%) құрады.

МҚҚЖҰ-ның міндеттемелері 2026 жылғы 2-тоқсанда басқа да міндеттемелер көлемінің өсуі есебінен 0,2%-ға ұлғайып, 2,3 трлн теңгені құрады. Қорландыру құрылымындағы негізгі үлес алынған қарыздарға тиесілі, олардың үлесі жиынтық міндеттемелердің 61,5%-ын немесе 1,4 трлн теңгені құрайды.

МҚҚЖҰ-ның меншікті капиталы 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша негізінен МҚҚЖҰ-ның бөлінбеген таза пайдасының өсуі есебінен 2026 жылғы 2-тоқсанда 0,2%-ға ұлғайып, 1,3 трлн теңгені құрады (2026 жылдың басынан бастап 0,6%-ға өсу).

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz