Кадр резервіне қабылдау үшін кандидаттарды іріктеу туралы

Кадр резервіне қабылдау үшін  кандидаттарды іріктеу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қызметшілерінің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды іріктеу жүргізілетіні туралы хабарлайды.

Іріктеу 2026 жылғы 31 тамыздан 2026 жылғы 30 қыркүйекті қоса алған аралықтағы кезеңде өткізіледі.

Үміткерлерді таңдаудағы негізгі өлшемшарттар: тиісті білім, біліктіліктің жоғары деңгейі, халықаралық қаржылық және тілдік сертификаттардың болуы.

Мына адамдарға артықшылық беріледі:

 - шетелдік жоғары оқу орындарының түлектері;

- Ұлттық Банк бағдарламасы бойынша магистратураны бітірген түлектер мен мамандар;

- FRM, CFA халықаралық сертификаттарының кемінде 1 деңгейі және (немесе) ACCA халықаралық сертификатының 4 деңгейі бар мамандар;

- шет тілін меңгерген мамандар (IELTS халықаралық сертификатының болуы – 9-дан кемінде 6-дан төмен емес, TOEFL IBT – 120-дан 80, TCF  (B2) 699-дан 400, СILS 1, HSK 11-ден 6-деңгей);

- таңдалған бағыт бойынша кемінде бір жарым жыл жұмыс тәжірибесі бар мамандар.

Түйіндемені қабылдау аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кадр қызметі кандидаттардың тізімін қалыптастырады. Іріктеуге қатысу үшін фотосуреті бар түйіндеменің электрондық нұсқасын .HR@finreg.kz электрондық мекенжайға жіберу қажет. Түйіндеме нысаны Агенттіктің сайтында ұсынылған.

Бұдан әрі кадр қызметі кандидаттарға әңгімелесуді өткізу уақытын, күнін және орнын электрондық пошта және (немесе) телефон арқылы хабарлайды. Үміткерлермен әңгімелесу кезеңі жалпы тізім қалыптасқан күннен бастап 10 он жұмыс күні ішінде өтеді.

Егер әңгімелесу қорытындысы бойынша оған кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссия мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе, кандидат кадр резервіне кіру құқығына ие болады. Дауыстар тең болған кезде комиссия Төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

Кадр резервіне алынған адамдардың тізімі Агенттіктің сайтында кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссия шешім қабылдаған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде жарияланатын болады.

Кадр резервіне іріктеудің толық шарттары Агенттіктің сайтында жарияланды:

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz