«Бейнеу» кредиттік серіктестігі» ЖШС лицензиясын тоқтата тұру туралы

«Бейнеу» кредиттік серіктестігі» ЖШС  лицензиясын тоқтата тұру туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Ақтау қаласындағы Өңірлік өкілдер басқармасы бастығының 20.08.2026ж. №55 бұйрығына сәйкес «Бейнеу» кредиттік серіктестігі» ЖШС-ның микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрды.

Заңға сәйкес Ұлттық Банкке есептілікті бірнеше рет ұсынбау, заңдардың, сондай-ақ уәкілетті органның, Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзушылықтар лицензияны тоқтата тұруға негіз болды.

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұру заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, микроқаржы ұйымының микрокредит беру туралы жаңа шарттар жасауына, сондай-ақ қолданыстағы микрокредит беру туралы шарттардың талаптарын өзгертуге тыйым салуға әкеп соғады.

Микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы бұрын жасалған шарттар бойынша өзіне қабылданған міндеттемелерді орындауға міндетті.

Микрокредит беру туралы шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар компанияның клиенттері микрокредит беру туралы жасалған шарттардың талаптарына сәйкес компания алдындағы міндеттемелердің орындалуын бұзғаны үшін жауапкершілік алады.