Агенттік басшысы АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Пол Капурмен кездесті

Агенттік басшысы АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Пол Капурмен кездесті

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде Төраға Мәдина Әбілқасымованың АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия елдері жөніндегі көмекшісі Пол Капурмен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар қаржылық ынтымақтастық, қадағалау тетіктерін дамыту және Агенттіктің АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясымен (U.S. Securities and Exchange Commission, SEC) өзара іс-қимылы мәселелерін талқылады.

Халықаралық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту шеңберінде Агенттік Орталық Азия елдері үшін SEC техникалық көмек бағдарламасына қатысуға дайын екендігін білдірді. Өзара іс-қимылдың әлеуетті бағыттары бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларға қатысты қадағалау тетіктерін жетілдіруді, бақылау функцияларын автоматтандыруды, тәуекелге бағдарланған тәсілдерді енгізуді және өзін-өзі реттейтін ұйымдар (ӨРҰ) институтын дамытуды қамтиды.

Агенттік қаржылық тұрақтылықты нығайтуға, қадағалауды жетілдіруге және қаржы нарығына қатысушылардың мүдделерін қорғауға баса назар аудара отырып, АҚШ-тың қаржы реттеушілерімен өзара іс-қимылды жалғастырады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz