
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы секторының киберқауіпсіздігін нығайту және қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмысты жалғастыруда.
Қаржы нарығының қорғалу деңгейін арттыру үшін Агенттік 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қаржы нарығының барлық қатысушылары үшін міндетті ақпараттық қауіпсіздік бойынша ең төменгі талаптарды енгізді. Банктер үшін кибертәуекелдерді басқаруды, оқыс оқиғаларға ден қою қызметтерінің жұмыс істеуін, ақпараттық жүйелер жұмысының үздіксіздігін қамтамасыз етуді, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік аудитін және кіруге тестілеуді ұдайы жүргізуді қоса алғанда, қатаң талаптар көзделген.
Талаптардың сақталуын бақылау есептілікті, қашықтықтан және тәуекелге бағдарланған тексерулерді талдау арқылы жүзеге асырылады. Бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жоюға және ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған қадағалап ден қою шаралары қолданылады.
Бұл ретте алаяқтықтан қорғауда қаржылық қызметтерді пайдаланушылардың өздері маңызды рөл атқарады.
Цифрлық қаржылық сервистерді пайдалану кезінде өзіңізді қорғау үшін бірқатар ережелерді сақтаңыз:
Маңызды: егер біреу телефон арқылы, мессенджер немесе әлеуметтік желілер арқылы тез арада ақша аударуды, растау кодын хабарлауды, қолданбаны орнатуды немесе құрылғыға қол жеткізуді талап етсе, мұндай жағдайды әлеуетті алаяқтық деп қарастыру керек. Ақпаратты ұйымның ресми байланыс арналары арқылы міндетті түрде қайта тексеру қажет.
Fingramota.kz. сайтында көбірек пайдалы материалдар бар.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы